“Компьютерлік инженерия” білім беру бағдарламасы
Бұл компьютерлік ғылымдар саласындағы бакалавриат бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлайды. Компьютерлік ғылымдар бакалавры (бағдарламалық инженерия) дәрежесін алған маман компьютерлік ғылымдармен және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен толық танысады. Мұнда тек функционалды емес, сондай-ақ ерекше жүйелерді жасауға арналған нәзік тұстарды да зерттейтін болады. Бағдарлама келешек ұрпақтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін және озық технологияларды жасақтауға көмектесу мақсатында әзірленген. Студенттер жоғары деңгейдегі архитектуралық мәселелерден бастап алгоритмдер мен мәліметтер құрылымдарына дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар, дерекқорлар, киберқауіпсіздік, байланыс және мобильді қосымшалар, математика және бағдарламалау тілдерін әзірлеу бойынша курстар қарастырылады.
Негізгі оқу пәндері:
1 курс
- English & Study Skills - Академиялық ағылшын тілі
- Mathematics - Математика
- Physics - Физика
- Computing - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2 курс
- User centered Experimental Design - Пайдаланушыға бағытталған эксперименттік дизайн
- Programming Languages - Бағдарламалау тілдері
- Introduction to Data Structures and Algorithms - Мәліметтер құрылымдары мен алгоритмдеріне кіріспе
- Web Programming - Веб-программалау
- Data Structures and Algorithms - Мәліметтер құрылымдары мен алгоритмдері
- Database Management - Дерекқорларды басқару
- Hardware-Software Interface - Бағдарламалық-аппараттық интерфейс
- Introduction to Software Engineering - Бағдарламалық инженерияға кіріспе
3 курс
- Artificial Intelligence & Intelligent Agents - Жасанды интеллект және интеллектуалды агенттер
- Data Communications & Networking - Деректерді беру және желілерді құру
- Foundations - Негіздер
- Software Engineering - Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
- Language Processes - Тілдік процестер
- Operating Systems & Concurrency - Операциялық жүйелер және параллелизм
- Professional Development - Кәсіби даму
4 курс
- Computer Network Security - Компьютерлік желілердің қауіпсіздігі
- Rigorous Methods for Software Engineering - Бағдарламалық инженерияның қатаң әдістері
- Industrial programming - Өнеркәсіптік бағдарламалау
- Project: Research Methods & Requirements Engineering - Зерттеу әдістері және талаптарды әзірлеу
- Advanced Network Security - Кеңейтілген желі қауіпсіздігі
- E-Commerce Technology - Электрондық коммерция технологиясы
- Project: Design & Implementation - Жоба: Дизайн және жүзеге асыру
- Project: Testing & Implementation - Жоба: Тестілеу және жүзеге асыру
Барлық пәндерде студенттер жеке және топтық жұмыстарды орындауға міндетті болады. Бұл курстық жұмыстар студенттердің кәсіби міндеттерді шешу үшін алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Профессорлар мен оқытушылар құрамы
Бағдарлама оқытушылар құрамы жоғары білікті профессорлар мен халықаралық деңгейдегі PhD докторларынан тұрады, олар жетекші шетелдік университеттерде жұмыс тәжірибесіне ие. Олардың кәсіби және академиялық тәжірибесі қазіргі ғылым мен технологиялардың тенденцияларын терең түсінуге және студенттердің жаһандық көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Олардың қолдауы мен тәлімгерлігінің арқасында студенттер тек негізгі білімдермен ғана емес, сондай-ақ әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие дағдылармен де қамтамасыз етіледі.
Мансап
- Developer (бағдарламашы) – әртүрлі күрделіліктегі алгоритмдер мен компьютерлік бағдарламаларды әзірлейді. Бұл мамандық перспективалы, жоғары жалақы төленетін, мансаптық өсуге мүмкіндік беретін, аналитикалық ойлау қабілеті мен математика мен шетел тілдеріне қызығушылығы бар адамдарға арналған.
- Database Developer (дерекқорды әзірлеуші) – дерекқорды жобалайды, жасайды, сынақтан өткізеді, модернизациялайды, оңтайландырады және қызмет көрсетеді.
- Database Administrator (дерекқор әкімшісі) – дерекқорларға талаптарды қалыптастырады, оларды жобалайды және жүзеге асырады. Ол дерекқордың тұрақты жұмыс істеуін және пайдаланушылардың сервермен жұмыс істеуіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
- System Administrator (жүйелік әкімші) – компанияның немесе кәсіпорынның IT инфрақұрылымын басқарады, орнатады, қолдайды және дамытады.
- Web Developer (веб-программист) – веб-қосымшаларды құру және қызмет көрсету, интернет-сайттар мен порталдарды әзірлеу жұмыстары мен интернет-қызметтермен айналысады.
- Frontend Developer (Фронт-энд әзірлеуші) – пайдаланушы интерфейсін жасайтын дизайнер және бағдарламалаушы.
- Backend Developer (Бэкенд әзірлеуші) – веб-қосымшаның бағдарламалық әкімшілік бөлімімен, серверлік технологиялармен, дерекқормен және бағдарламалық логикамен жұмыс істейді.
- Cybersecurity Specialist (киберқауіпсіздік маманы) – автоматтандырылған жүйелерді, бағдарламаларды және желілерді сандық шабуылдардан қорғайды.