2024-25 оқу жылының түлектері үшін
Грант немесе ауыл квотасы бойынша оқитын студенттер/магистранттар/ үшін (бакалавриат/магистратура)
Telegram арнасына сілтеме
- Білім - https://t.me/+acnR4CanFls3M2Y6
- Ауыл квота білім - https://t.me/+jMLzeIMu2mg5NTUy
- Грант педагогикалық емес мамандықтар - https://t.me/+mEleyCcCZ6Q5MmE6
- Ауыл квота педагогикалық емес мамандықтар - https://t.me/+fH_nbFLkWKFkMDNi
Жазылуды ұмытпаңыз!
Бұл Telegram-канал мемлекеттік тапсырыс (грант/ауыл квота) бойынша оқып жатқан студенттер мен түлектер үшін арнайы ашылды. Грантта білім алған түлектер Заң бойынша ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс. Бұл арналарда жұмыс өтеліміне қатысты ақпаратттар жарияланатын болады.
Ауылдық квота бойынша түскен студенттер ауылдық жерлерде 3 жыл келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейді:
- Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушылар-білім беру ұйымдарында (мектеп, балабақша, бөбекжай және т. б.) жұмыс істейді.
ТӨМЕНДЕГІ АҚПАРАТ ЖАЛПЫ КОНКУРС БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСКЕН СТУДЕНТТЕР ҮШІН:
Міндетті 3 жылдық еңбек өтілімі грант негізінде оқу бітірген келесі түлектерге жүктелген:
- Педагогикалық мамандықтар бойынша тек қана білім беру мекемелерінде (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, балабақшалар және т. б.) жұмыс істейді.
- Басқа мамандықтар бойынша (педагогикалық және медициналық мамандықтардан басқа) кез келген ұйымдарда жұмыс істейді.
- Жалпы конкурспен грантқа түскен студенттер ЖОО-ны бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының кез-келген қалаларында немесе ауылдарында жұмыс істей алады.
2025 жылдың мамыр-маусым айларында мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант/ауыл квота) бойынша оқыған түлектерге арналған жұмысты өтеу мәселелері бойынша консультациялар өткізілетін болады. Консультациялар өткізу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
Біздің байланыстар
1. Бакалавриат бойынша
Email: career@zhubanov.edu.kz
тел.: +77471082965
2. Магистратура, докторантуры бойынша
Email: career@zhubanov.edu.kz
тел.: +77082921166