ОҚУ ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқу практикасы модульдік білім беру бағдарламасына сәйкес бакалавриат студенттері үшін өткізіледі.

Оқу практикасының мақсаты студенттерді университет қызметінің бағыттарымен, университет жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларымен, ОП-мен, болашақ кәсіби қызметтің функциялары мен міндеттерімен таныстыру болып табылады.

Оқу практикасының базалары оқу орындары, оқу шеберханалары, зертханалар, полигондар, тәжірибелік шаруашылықтар, ЖОО-ның басқа да оқу-көмекші бөлімшелері, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдар болып табылады.

Оқу практикасының қорытындысы бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп береді, оны кафедра практикасының басшысы тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленген балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.