ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Өндірістік практика өндірістік практика көзделген арнайы пәндер циклін немесе тұтастай теориялық оқытуды зерделеу аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Бітіруші курстағы өндірістік практика теориялық оқытуды толық аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады.

Өндірістік практика бағдарламасын бітіруші кафедра әзірлейді және бекітеді.

Өндірістік практиканың мақсаты негізгі құзыреттерді бекіту, білім алушының ББ бойынша кәсіби қызметтің практикалық дағдылары мен тәжірибесін игеру болып табылады.

Өндірістік практиканың базалары кәсіпорындар (мекемелер, ұйымдар және т.б.) болып табылады.

Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері "Univer"АБЖ-ға балл енгізе отырып, белгіленген балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша 100 балдық шәкіл бойынша бағаланады.