Департамент директоры: Бишекен Сабырғали Кәрібайұлы

 

Академиялық қызмет департаменті (АҚД) университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу процесін сапалы ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес факультеттер мен кафедралардың академиялық қызметін үйлестіру мақсатында құрылған дербес құрылымдық бөлiм болып табылады.

 

АҚД мақсаты университеттің даму стратегиясына сәйкес академиялық саясатын жүзеге асыру, оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру қызметтерін үйлестіру.

 

АҚД қызметінің негізгі бағыттары:

  • Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қозғалысын жүргізу.
  • Білім алушыларға қызмет көрсету және құжаттандыру.
  • Білім берудің барлық деңгейі бойынша оқу процесін ұйымдастыру.

 

Академиялық қызмет департаменті құрамына кіреді:

Тіркеу офисі

Тіркеу офисінің басшысы: Жусупова Гаухар Токмырзаевна

 

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, А.Молдагулова даңғылы, 34
Кабинет: 232
E-mail: sbisheken@zhubanov.edu.kz