Департамен директоры м.а.: Байсарина Айнура Касымкановна

Мекенжайы: Ақтобе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы, 34 (бас ғимарат № 1), 236 каб.

Байланыс телефоны: 8 (7132) 56-46-39

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және өзектендіру мониторингі; сенімді фактілерге негізделген білім беру бағдарламалары тиімділігінің сапасына ішкі бағалау жүргізу (оқу процесін бақылау, силлабустардың сапасын бақылау, білім беру сапасы және білім беру қызметі мәселелері бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына сауалнама жүргізу, қорытынды шығару).
  • Қолданыстағы білім бағдарламаларына, әлеуетті талдау және білім бағдарламалрын әзірлеуді жақсарту қағидаттарын айқындау; мазмұны бойынша сапалы ББ анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау; білім беру бағдарламаларын жасау жөніндегі жұмыс топтарына басшылық ету.
  • Білім беру бағдарламаларын білім сапасын сырттай бағалаудың әртүрлі рәсімдеріне дайындау (мамандандырылған, институционалдық аккредиттеуді және республикалық рейтингтерді қоса алғанда), білім беру бағдарламаларының өзін-өзі тексеруді жүргізуді ұйымдастыру.
  • Академиялық адалдық лигасының стандарттары, критерийлері мен қағидаларына негізделген жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру.

Қосымша бағыттар:

  • Педагогтердің біліктілігін бағалау бойынша ЖОО жұмыстарды үйлестіру.
  • Университеттің академиялық кеңесіне, Республикалық академиялық кеңеске ұсынылатын оқу-әдістемелік құралдарды дайындау жұмыстарын үйлестіру.
  • Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестіру.