БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге басқа оқу немесе ғылыми мекемеге ҚР-да оқуға, зерттеуге ауыстыру. Ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес келеді. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері студенттерге, магистранттарға және докторанттарға қолданылады.
Шығыс ішкі академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, докторанттардың қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында білім беру бағдарламаларын игеруі.
Кіріс ішкі академиялық ұтқырлық – біздің университетте қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының білім беру бағдарламаларын игеруі.
Білім алушылардың шығыс және кіріс ішкі академиялық ұтқырлығы әріптес ЖОО-мен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісімшарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ішкі академиялық ұтқырлық мәселелеріне Академиялық сапаны арттыру департаменті жетекшілік етеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын білім алушылар сапалы білім беру мен зерттеу бағдарламаларына қол жеткізе алады және білімнің жаңа қорын жинақтайды. Академиялық ұтқырлықты қолдау әлемдік еңбек нарығына да, ұлттық экономиканың еңбек ресурстарының сапасына да айтарлықтай әсер етуі мүмкін сапалы жаңа еңбек ресурстарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ішкі академиялық ұтқырлық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру білім алушылар үшін білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған Қазақстандағы басқа жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасалды.
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ координаторының байланыс нөмері +77013427816 Саркулова Ж.Ж.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
- GPA 2,33 төмен емес;
- академиялық кезеңнің соңындағы академиялық көрсеткіштер;
- академиялық қарыздың болмауы;
- академиялық тәртіп пен этикалық нормаларды бұзудың болмауы;
- университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
Егер сізде жоғарыда аталған барлық критерийлер болса, онда сіз академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса аласыз.
Ол үшін сізге қажет:
- кафедра үйлестірушісімен байланысу;
- кафедра үйлестірушісі студент өтінішін факультеттің жауапты үйлестірушісіне тапсырады;
- студенттер ұсынылған тізім ЖОО-ның жауапты үйлестірушісіне беріледі.
Факультет бойынша жауапты үйлестірушілер
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Ректордың атына өтініш;
- Кафедрадан ұсыныс хат;
- Транскрипт;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Медициналық анықтама;
- Фото 3*4-6 дана;
- Оқу орнынан анықтама;
- Ата-анасынан қолхат.
КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
- Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті;
- М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
- Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
- Казақ туризм және спорт академиясы;
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
- Халықаралық білім беру корпарациясы;
- Торайғыров Университеті;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
- Академия «Bolashaq» (Қарағанды қ.);
- Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті;
- Қ.Сәтпаев Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
- Рудный индустриялық университеті;
- С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті;
- Инновациялық Еуразия университеті;
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
- К.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
- Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
- Алматы технологиялық университеті;
- НАРХОЗ университеті;
- Қазақ-Орыс Халықаралық университеті;
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
- Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
- М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті;
- Ы.Алтынсарин атындағы.Арқалық педагогикалық институты;
- М.Тынышпаев атындағы АLТ университеті.