Coursera – бұл әлемдегі ең үлкен онлайн білім беру платформасы. Платформаның алғашқы авторлары Стэнфорд университетінің профессорлары. Coursera 100 миллионнан астам студенттерді біріктіріп, әлемдегі ең үздік университеттердің курстарынан өтуге, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.
 
СOURSERA артықшылықтары:

  • Coursera» каталогында Stanford, Columbia, Duke, Johns Hopkins, Yale, IBM, Google секілді әлемнің 170 жетекші университеттері мен 75 жетекші копаниялары дайындаған 12 000 жуық курс бар.
  • Оның ішінде, 100 ге жуық курс қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, олар бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және басқа да салаларды қамтиды. Басым курстардың тізіміне АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші университеттерінің бағдарламалары кіретінін атап өту керек.
  • Платформа материалдары лекциялар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, тест тапсыру, емтихандар сында форматта жасақталған. Егер де ақпарат түсініксіз болса, тақырыпты білім алушы мен оқытушылар байланысатын арнайы форумда талқылауға мүмкіндік бар. Материалдың көп бөлігі ағылшын тілінде дайындалған. 

 
МҮМКІНДЕРІ: 

  • Білім алушы сұранысқа ие, жұмыс үшін қажетті дағдыларды, жаңа саланы иегере алады. 
  • Жоғары білім немесе алдын-ала дайындық қажет емес.
  • Оқуды сәтті аяқтаған соң сертификат алады.
  • Coursera-да оқыту «Бейресми білім беру» арқылы жүзеге асырылады. Білім алушының бітірген курсының оқу бағдарламасы пән бағдарламасына сәйкес келсе, белгілі бір пән бойынша кредиттердің бір бөлігін есептеуге мүмкіндік береді.

 
ПЛАТФОРМАҒА ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК:

Бүгінде қазақстандық 94 жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera халықаралық білім беру платформасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Кез-келген білім алушы (бакалавр, магистрант, докторант) Сoursera платформасының лицензиясын иелену үшін өзінің деканатына өтініш қалдыра алады. Кейін өтініш білдірген білім алуышының жеке почтасына аталмыш жобаның үйлестірушілері Сoursera платфорамасына қосылуға арналған шақырту хатын жолдайды. Почтаға келген хат және сілтеме арқылы кез-келген курстарда білім алуды бастауға болады. Университетке берілген лицензияны иеленген білім алушы, Сousera платформасында курстарды ақысыз негізде өте алады.  Сoursera платформасындағы курстарды интернетке қосылған компьютерде, ұялы телефонда немесе планшетте әлемнің кез келген жерінен оқуға болады.

Жұбанов университеті университеті Coursera жобасына қатысқан еліміздегі алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы білім алушылар 2023 жылғы қаңтардан бастап «Coursera» әлемдік онлайн-білім беру платформасының мүмкіндіктерін қолдана бастады. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан университетіміздің білім алуышыларына 4500 лицензия берілді. Жалпы 2023 жылғы 3 лек аралығында аталған платформада университетіміздің 4500 білім алушысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курстардан өтіп, сертификатқа қол жеткізді. Ал 2024 жылдың жазғы маусымында университет білім алушыларына Coursera платформасының 900 лицензиясы ұсынылды. 1800 білім алушылар таңдау жасаған курстарын сәтті аяқтады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс: 
Қосымша білім беру департаменті 
Мекен-жай: Ә.Молдағұлова даңғылы 34, Бас ғимарат, 1Б кабинеті
Департамент маманы: Дуйжанова Эльмира Шамбилбековна
eduizhanova@zhubanov.edu.kz, тел: 87053978296