«Педагогикалық ғылымдар» білім саласындағы талапкерлерге арналған арнайы емтихан шарттары
Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін талапкерлер арнайы емтихан тапсыруы тиіс. Аталған сынақтың мақсаты – оқуға тусушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау. Бұл емтиханнан өтпеген талапкер педагогикалық мамандыққа тапсыра алмайды, бірақ таңдау пәні бойынша басқа мамандыққа тапсыруға құқығы бар.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін өтініш қабылдау және арнаулы емтихан өткізу Жұбанов университетінің базасында 20 маусым мен 19 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Білім беру гранты байқауына қатысушылар АРНАЙЫ емтиханды 20 маусым мен 12 шілде аралығында тапсыруы қажет. Ал ақылы оқу түріне өтініш жазған талапкерлер арнайы емтиханды 19 тамызға дейін тапсыра алады. Емтихан «жіберілді»/«жіберілмеді» принципі бойынша бағаланады.
Педагогикалық мамандықтар тізімі:
6В01102 Психология және білім беру менеджменті
6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6В01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
6В01404 Дене шынықтыру және спорт
6В01401 Музыкалық білім
6В01406 Көркем білім
6В01501 Математика
6В01503 Информатика
6В01506 География
6B01512 Физика
6В01513 Биология
6В01514 Химия
6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті
6В01706 Шетел тілі: екі шетел тілі
6В01901 Арнайы педагогика
6В01407 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері
6В01708 Ағылшын тілі
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 09:00-18:00, үзіліс 13:00-14:00
Мекенжай: Мұхтар Арын атындағы бас ғимарат, Әлия Молдағұлова даңғылы, 34
Байланыс нөмірлері: 8 776 786 1285, 8 778 550 91 95
Whats App: 8 747 518 3583
"Педагогикалық ғылымдар" білім саласындағы талапкерлерге арналған арнайы емтиханға тіркеу