ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамырынан 05 шілдесіне дейін өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты ғана жарамды болып табылады.
• Өтініш (арнайы бланкіде);
• Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
• 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама (міндетті түрде Қ.Жұбанов атындағы Университет емханасынан расталған болуы тиіс);
• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
• ҰБТ сертификаты;
• Ведомостан үзінді (арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
• Мемлекеттік білім грантты тағайындалғаны туралы куәлік (егер бар болса).
• Диплом көшірмелері бар болған жағдайда (халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиада жеңімпазы, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми конкурс жеңімпазы, халықаралық немесе республикалық спорт жарыстары жеңімпазы, халықаралық көрме жеңімпазы)
• Скоросшиватель;
• Конверт А5
• Жеңілдік санаттары үшін растайтын құжаттар (төменде көрсетілген тізім бойынша).
Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер, егер олар тиісті растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ғана арнайы бөлінген секторды толтырады:
- I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті (бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті) берген мүгедектігі туралы анықтаманың (медициналық-әлеуметтік сараптама) көшірмесін ұсынуы тиіс);
- бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан адамдар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер:
-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті (бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті) берген мүгедектігі туралы анықтаманың (медициналық-әлеуметтік сараптама)көшірмесі;
- оқуға түсушінің туу туралы куәлігі;
- мүгедек баланың туу туралы куәлігі.
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар:
белгіленген үлгідегі куәлік немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;
белгіленген үлгідегі куәлік, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқанын растайтын әскери комиссариаттан алынған анықтамалар немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы белгісі бар әскери билет, Ауғанстандағы Кеңес Әскери контингентіне қызмет көрсету жөніндегі жұмысты растайтын құжат және жараланғанын, контузия алғанын, зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО ордендер мен медальдарға куәліктер;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери немесе азаматтық мақсаттағы, ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысатын объектілерде радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысу фактісін растайтын әскери комиссариаттан немесе төтенше жағдайлар министрлігінен алынған анықтама;
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар:
• әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектің (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы) куәлігі, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан ұрыс қимылдарына қатысу фактісін растайтын анықтама немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;
• белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, ішкі істер органдарынан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен тиісті анықтама немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;
• белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан ұрыс қимылдарына қатысу фактісін растайтын анықтама немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;
• белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузиясы, мертігуі, мүгедектігі туралы анықтама, басқа елдердің жұмыс істеп жүрген әскери контингенттеріне қызмет көрсету салдарынан тиісті санатын және мүгедектіктің туындауын растайтын құжат немесе жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнетақы куәлігі;
• белгіленген үлгідегі куәлік, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің Чернобыль АЭС-індегі аварияны немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жою, ядролық қаруды сынау салдарынан болған мүгедектік туралы анықтамасы немесе аурудың радиациялық әсермен себепті байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысы.
- ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа өтініш берген кезде төменде санамаланған құжаттардың бірін ұсынуға тиіс:
ата-анасының екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі)деп тану туралы сот шешімі);
баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама.
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар:
шетел азаматының жеке басын куәландыратын, оның ұлтын растайтын құжатын ұсынады.
- көпбалалы отбасы ретінде жеңілдіктері бар тұлғалар тиісті растайтын құжаттарды ұсынады:
- барлық кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері;
- егер кәмелетке толған балалардың бірі ЖОО-ның немесе колледждің күндізгі бөлімінде оқитын болса, оқу орнынан сол кездегі қолданыстағы анықтаманы қосымша тапсырады;
- ата-аналардың жеке куәліктері;
- неке туралы куәлік;
- көп балалы отбасы мәртебесі туралы куәлік.
- қайтыс болуына байланысты ата-анасының біреуі жоқ балаларды қоспағанда, осы мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар (осы санат үшін мәртебе ата-анасының біреуінің қайтыс болған күніне қарамастан айқындалады)
- Олардың ішінде осы мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар үшін жеңілдіктері бар адамдар тиісті растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ғана арнайы бөлінген секторды толтырады:
- оқуға түсушінің туу туралы куәлігі;
- некені бұзу туралы куәлік;
- ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;
- Олардың ішінде қайтыс болуына байланысты ата-анасының біреуі жоқ балалар үшін жеңілдіктері бар тұлғалар (осы санат үшін мәртебе ата-анасының біреуінің қайтыс болған күніне қарамастан айқындалады), егер олар тиісті растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ғана арнайы бөлінген секторды толтырады:
- оқуға түсушінің туу туралы куәлігі;
- ата-анасының біреуінің қайтыс болғаны туралы куәлік;
- ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;