БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

«Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы

1993 жылы қыркүйекте  «Экономика және менеджмент» кафедрасы ұйымдастырылып, э.ғ.к. Н.В. Ювица жетекшілік жасады. 1995 жылдың желтоқсан айынан бастап  2015 жылдың қараша айына дейін  э.ғ.к., профессор  У.С. Байжомартов меңгерушілік жасады.  Кафедрада «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алушыларды даярлау барысы жүзеге асырылды.  1996 жылдан бастап «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 1997 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар»,

«Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқыту қолға алынды. 1997 жылы кафедрадан «Экономикалық теория» кафедрасы бөлініп шықты. 1999 жылы кафедраның атауы «Микро және макроэкономика» болып қайта өзгертілді. 2000 жылы кафедра өз қызметін «Басқару және кәсіпкерлік» атауымен жалғастырды, ал 2009 жылдың қыркүйегінен бастап «Экономика және менеджмент» кафедрасына қайтадан өзгертілді. 

«Экономика және менеджмент» кафедрасы экономика және құқық факультетінің  негізін қалаушы кафедра болып табылады.  Кафедра төмендегідей  білім беру бағдарламалары  бойынша бакалаврларды мен магистранттарды, докторанттарды дайындауды жүзеге асырады: 

Бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары:

6В04101 – Экономика;
6В04102  – Менеджмент;
6В04108-Бизнес әкімшілік:

Магистратура  бойынша білім беру бағдарламалары:

7М04101 (7М04119) -Экономика
7М04102 (7М04111) -Менеджмент
7М04108 (7М04119) -Іскерлік әкімшілік жүргізу

Докторантура бойынша білім беру бағдарламалары:

8D04101-Экономика
8D04108-Іскерлік әкімшілік жүргізу

Оқу процесін жүзеге асыратын кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 18 оқытушыны құрайды. Оның ішінде ғылыми дәржелерімен және атақтарымен –1 ғылым докторы,  6 ғылым кандидаты; 2 PhD докторы, 2 профессор,  3 қауымдастырылған профессор, 3 доцент, 10  магистр, аға оқытушылар.