ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін көтеру мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру үшін кафедра ПОҚ біліктілікті көтеру курстары мен тағылымдамаларға, оқыту семинарларына белсенді қатысады.
Шетелдік ғылыми тағылымдамадан кафедраның төмендегідей профессор-оқытушылар құрамы өтті:
- Н.Б.Султамуратова Ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінде (ITMO) «Жаһандану жағдайындағы экономика және қазіргі заманғы кәсіпорынды басқару» бағдарламасы аясында (Ресей, Санкт-Петербург қ, ақпан 2016ж);
- Ж.Б.Кудайбергенов "Болашақ" стипендисының "500 ғалым" бағдарламасы бойынша Миннесота университетінде «Жоғары білім беру саласындағы менеджмент және көшбасшылық» бағдарламасы аясында (АҚШ, Миннеаполис қ, қазан 2023-2024жж);
- Г.Т. Кунуркульжаева Токат Газиосманпаша университетінде «Цифрлық трансформация контекстіндегі еңбек нарығы және адам ресурстарын басқару» бағдарламасы аясында (Түркия, 1-10 тамыз 2024 жыл);
- А.Б.Тасмаганбетов «ЖОО ең үздік оқытушы-2019» бағдарламасы бойынша келесі ғылыми тағылымдамадан өтті: Брюссель еркін университетінде «Оқу үдерісіне инновацияларды енгізу: Polev, MindMap, виртуалды шындық» бағдарламасы бойынша (Бельгия, 24.11.2019-07.12.2019 ж.ж.) және Прага қаласындағы Карлова университетінде «Тарихи контексте Чехиядағы білім беру жүйесі және оқытушыларды дайындау» бағдарламасы бойынша (Чехия, 02.11.2019-15.11.2019 ж.ж.)
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу мақсатында интерактивті әдістер мен оқытудың жаңа технологияларын пайдала отырып ашық сабақтар өткізеді.
Кафедраның э.ғ.м., аға оқытушы Н.Б. Султамуратова университетішілік «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» конкурсына қатысып, «Оқу үдерісінде өндірістік мәселелерді ұжымдық шешу» номинациясын иеленді.
Кафедраның ПОҚ «Оқу үрдісінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру»; «Ғылыми зерттеу әдістері»; «Scopus деректер базасына шолу» және т.б. тақырыптарындағы әдістемелік семинарларды (воркшоп, вебинарлар, мастер-класстар) ұйымдастыру мен өткізуде белсене ат салысты.
2023-2024 оқу жылында Ульяновск мемлекеттік университетінің профессоры (РФ, Ульяновск қ.) экономика ғылымдарының докторы Ювица Н.В., Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) экономика ғылымдарының докторы Моттаева А.Б., ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының құрылымдық бөлімінің меңгерушісі Курманова Ж.С., «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ресурстары департаменті директорының орынбасары Шунукова Т.В., Клайпеда университетінің (Литва) профессоры, PhD докторы Лабанаускайте Дайва, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жанындағы Конфуций институтының директоры экономика ғылымдарының докторы, профессор - Хоу Цзе, Клайпеда университетінің (Литва) профессоры, PhD, Зуперкиене Эрика, АҚШ, Миннеаполис, Миннесота университетінің ғылыми зерттеушісі Ж.Б.Кудайбергеновтің қатысуымен кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен «Көшбасшылықтағы трансформация: заманауи өзгерістер, қиындықтар мен трендтер» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізілді.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында бірқатар ғылыми жобалар, ғылыми-зерттеу әзірлемелері экономика және басқарудың негізгі бағыттары бойынша іске асырылады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарында және ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің басқа түрлерінде көрініс тапқан.
Кафедраның жақын және алыс шетел ЖОО-мен халықаралық қарым-қатынасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісіне 2022-2023 оқу жылында О.Н. Кораблева (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (РФ)), 2023-2024 оқу жылында А.Б. Моттаева (Ресей Федерациясы, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті), 2024-2025 оқу жылында Р.Т.Адильчаев, А.Р. Инятов (Қарақалпақстан Республикасы, Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті) сынды шетелдік профессорлар тартылған.
2024 жылы э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Т.Кунуркульжаева халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Токат Газиосманпаша университетінде (Түркия) «Адам ресурстарын басқару және цифрландырудың еңбек нарығына әсері» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізді.
2024 жылдың 24 қазаны күні Қытай елінде (Қорғас қаласы) «Қазақстан – Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығы» тақырыбындағы ІІ Халықаралық форумда Конфуций институтымен бірлесіп факультет деканы Б.М.Таскарина, кафедра меңгерушісі PhD, доцент Б.Ж.Болатова ұйымдастырушысы болды. Форум аясында қытай және отандық ғалымдар қатарында кафедраның қауымдастырылған профессоры Г.Т.Кунуркульжаева баяндама жасады.
Еңбек нарығының қажеттілігін ескеріп, білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру мақсатында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АФ базасында кафедра филиалымен тығыз байланыс орнатылды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлер бөлімі» ММ-нің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт негізінде Global Entrepreneur Week Қазақстан аясында Ақтөбе қаласының жас кәсіпкерлер Форумын ұйымдастырды.