БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

Кафедра тарихы

Ақтөбе облысында «Химия» пәнінің мұғалімдеріне сұраныстың артуымен Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультеті базасында 1978 жылы «Биология» қосымша мамандандырылуы бар 2122 – «Химия»  мамандығы ашылды. Алғашқы оқу жылы 50 студент оқуға қабылданды. Мамандарға жалпы білім беретін орта мектебінің «Химия және биология пәні мұғалімі» біліктілігі берілді.

1979 жылы екінші рет абитуриенттер қабылданып, «Химия және биология» кафедрасы «Химия» кафедрасы (кафедра меңгерушісі А.Р.Садыков) және «Биология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі Э.Г.Уразаев) болып қайта құрылды.

2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті екіге бөлініп (Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе мемлекеттік университеті), 2013 жылы қайта қосылуына байланысты және дайындалатын мамандықтардың бағытына қарай кафедраның атаулары әр жылдарда «Химия», «Химия және биология», «Химия және химиялық технология» болып  өзгертіліп отырды. Мамандықтардың дамуына әртүрлі жылдарда өз үлестерін қосқан кафедра меңгерушілері:

1978-1981 жж. – б.ғ.к., доцент Э.Г. Уразаев (химия және биология);

1981-1986 жж.  – доцент А.Р.Садыков  (химия);

1986-1987 жж.  – профессор Н.Р.Букейханова (химия);

1987-2001 жж. – доцент А.Т.Сагинаев (химия);

2000-2001 жж. - т.ғ.к., доцент К.К.Каратаев (химиялық технология);

2001-2004 жж. – х.ғ.к., доцент Ғ.Л.Есназарова (химия);

2001-2002 жж. - х.ғ.к., доцент А.У.Рсымбетова (химиялық технология);

2002-2006 жж. - х.ғ.к., доцент Ж.Е.Джакупова (химиялық технология);

2004-2006 жж. – т.ғ.д., профессор И.Н.Нурлыбаев (химия);

2004-2007 жж. – п.ғ.к., доцент С.М.Когисов (химия, АқтөбеМПИ);

2006-2012 жж. – х.ғ.к., доцент Е.Б.Досмурзина (химия);    

2006 – 2009 жж. - х.ғ.к., аға оқытушы  Н.А.Убайдулаева (химиялық технология);

2007-2011 жж. – х.ғ.к., доцент Қ.Ж. Естекова (химия, АқтөбеМПИ);

2009-2012 жж. - к.х.н., доцент Л.К.Тастанова (химиялық технология);

2011-2013 жж.  – м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова  (химия және биология, педагогикалық бағыт);

2012-2013гг. – х.ғ.к., доцент Л.К.Тастанова (химия және химиялық технология);

2013-2014 жж.–б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова Г.Б. (химия және биология, педагогикалық бағыт)

2014-2015 жж. - х.ғ.к.,  аға оқытушы З.Б.Сұлтамұратова (химиялық технология);

2014 – 2017 жж.  п.ғ.к., доцент Б.Б.Досанова (химия); 

2015-2017 жж. - х.ғ.к., аға оқытушы  Н.А.Убайдулаева (химиялық технология);

2017-2018жж. - х.ғ.к.,  аға оқытушы З.Б.Сұлтамұратова (химия және химиялық технология);

2019-2022 жж.-  х.ғ.к.,  аға оқытушы А.К.Апендина (химия және химиялық технология);

2022 – 2023 жж. – х.ғ.к., доцент Р.Орынбасарқызы (химия және химиялық технология);

2023 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны магистр, оқытушы А.Е.Тренова басқарады.

Кафедраның дамуына  үлес қосқан профессор -  оқытушылар: И.Н.Нурлыбаев, К.К.Каратаев, Г.Т.Туремуратова, А.У.Рсымбетова, К.Ж.Естекова, Л.К.Тастанова, А.Е.Байманова, С.З.Наурызова, С.Н.Мугалова, Ғ.Л.Есназарова, Б.Б.Досанова, С.М.Көгісов, Е.В.Волобуева, Г.А.Рахметова, А.А.Агишева, Б.С.Имангалиева, Қ.Г.Альмуратова және т.б.

 

Профессор – оқытушылар құрамы 24, Оның ішінде 1 қауымдастырылған профессор, 1профессор, 7 доцент, 5 аға оқытушы, 10 оқытушы бар, ғылыми дәреже көрсеткіші- 42% құрайды.

 

 «Химия және химиялық технология» кафедрасы келесідей  білім бағдарламаларына қызмет етеді:

 

Бакалавриат бойынша білім бағдарламалары:

  • 6В01504 — ХИМИЯ
  • 6В01514 — ХИМИЯ ІР
  • 6В05302 — ХИМИЯ
  • 6В07206 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Магистратура бойынша білім бағдарламалары:

  • 7М05201 – ЭКОЛОГИЯ
  • 7М01505 — БИОЛОГИЯ
  • 7М05101 — БИОЛОГИЯ
  • 7М01504 — ХИМИЯ

 

Оқу орнын бітіруші түлектерге білім бағдарламалары бойынша «Білім бакалавры», «Жаратылыстану бакалавры», «Техника және технология бакалавры»,  «Педагогика ғылымдарының магистрі», «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

6В01504-Химия мамандығы 2021 жылдың желтоқсан айында «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.) 

 

 

6В05302-Химия мамандығы 2019 жылдың желтоқсан айында «Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEE» эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. (13.12.2019ж. – 12.12.2024ж.) 

 

 

 

6В07206-Азық – түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы 2020 жылдың желтоқсан айында «Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEE» эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті. (23.12.2020ж. – 22.12.2025ж.) 

 

 

7М01504 –Химия  магистратура бойынша 2023жылдың маусым айында «білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 3 жылға сәтті өтті. (29.06.2023ж. – 28.06.2026ж.)