Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың қараша айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агентігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 3 жылға сәтті өтті.
Оқу үрдісі, мерзімі:
Күндізгі: 1 жыл; 1,5 жыл; 2 жыл.
Берілетін дәреже:
7М04106 – Маркетинг оқу бағдарлама бойынша экономика және бизнес магистрі және экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
әлеуметтік ғылымдар және бизнес.
Кәсіби қызметінің нысандары:
кәсіпорынның, ұйымдар мен фирмалардың психикалық процесі, мәне мен жағдайлары қызмет түріне қарамастан, меншік көлемі немесе нысанына, оқу орындарына және ғылыми-зерттеу институтттары мен ұйымдардың қызмет түріне тәуелсіз.
Кәсіби қызметінің пәні:
халықаралық саудадағы маркетингтік технологиялар, халықаралық нарықтағы маркетинг, өнімдерді сатуды басқару, логистика технологиясы, Маркетинг – менеджмент, кәсіпорындағы маркетингті басқару, Тұтынушылар мінез – құлқын зерттеу, стратегиялық маркетинг механизмі, Қызмет көрсету маркетингі, Банк секторындағы маркетинг.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық және технологиялық қызмет;
- өндіру және басқару қызметі;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- шаруашылық субъектісінің маркетингтік қызметін жоспарлау;
- Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
Практика базалары:
«Атамекен» ҰКП Ақтөбе филиалы, «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Маркетинг орталығы: кәсіптік бағдар беру және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі», АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Рамазан», ЖШС «Ақтөбе нан», ЖШС «Дастан» (Hotel), Атамекен.