БАСТЫ БЕТ > МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА > МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Кафедрада заманауи қондырғылар мен аспаптармен жабдықталған оқу және зерттеу лабораториялары жұмыс жасайды. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары қазіргі химия ғылымының теориялық және іргелі міндеттерін шешуге бағытталған, зерттеу объектісі бейорганикалық, органикалық қосылыстар және композиттер. Әрбір лаборатория арнайы пәндер бойынша заманауи оқу талаптарына сәйкес оқу стендтерімен қамтылған. 

Кафедрада 7 оқу-зертханалық аудитория бар, оның ішінде  үшеуі мамандандырылған  жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған.

 

 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» оқу зертханасы

 

«Химияны оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік зертханасы

 

 «STEM - білім беру» оқу зертханасы 

 

«Органикалық химия» оқу зертханасы 

 

Компьютерлік оқу аудиториясы 

 

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» оқу аудиториясы  

 

«Физикалық-химия» оқу зертханасы 

 

«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» оқу зертханасы 810 

 

 Дәрісханалар

Кафедрада ғылыми-педагогикалық жұмыстан басқа, теорияны бекіту мақсатында практикалық жұмыстар да атқарылады.  

Кафедра облыстың және батыс өңірінің жетекші өнеркәсіп орындарымен, атап айтқанда, «Актөбе хром қосылыстар зауыты» АҚ, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ, «Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені» АҚ, «ТЭЦ» АҚ, «Нитрохим» ЖШС, «Актөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ, «Ақтөбе мұнай өңдеу» АҚ, «Сагиз-Петролеум» АҚ және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» кәсіпорындарымен студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу мақсатында байланыс орнатқан. 

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ бойынша кафедра ЖШС «РОКОС» ет комбинаты, «2Friends» кафе, ЖШС «Атамекен Нан -2000» (Багетто), ЖШС «Pizza House» DODO Pizza кафе, Ақтөбе қаласындағы ЖШС Ново-Альджан Гранум мелькомбинаты, СПК “АЙБЕК” ет консерві өндірісі, «Плаза Де Люкс» (Фудзи) мейрамханасы, «Салтанат сарайы», «Ақ тоқаш» нан өнімдері, «Курмет холл» мейрамханасы, ИП «Afsona» кафе, «Taksim» кафесі, «Думаш» рестораны, ЖШС «SDNFOOD», ЖШС «Ваниль», «Рахат» рестораны, ЖШС «Анвар» және ЖШС «Инком Актобе» кәсіпорындарымен де байланыс орнатқан. 

Сонымен қатар, 6В01504-Химия,6В01514-Химия ІР ББ бойынша практика базасы ретінде  Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының барлық мектептері жатады. Соның ішінде «Новый орта мектеп-лицейі» КММ, 27-ші орта мектеп, Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, №51, №56, №8, №39, №10 орта мектептері, Д.Қонаев атындағы №60 ЖББО мектеп-гимназия, М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицей, Сарыжар ЖОББМ, Бозой ЖОББМ, Шеңбертал ЖББОМ, Бесқоспа орта мектебі, №7 Хромтау мектеп-гимназиясы, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей, Шевченко атындағы №13 орта мектеп, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия, Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектеп және Арал орта мектебі бар. 

 Студенттердің өндірістік және педагогикалық практикадан өту барысы