Жаратылыстану факультетінің тарихы
Жаратылыстану 1950 жылы Н.Байғанин атындағы педагогикалық институт құрамында жаратылыстану-география факультеті ретінде өз бастауын алып, 1958жылы институт жабылуына байланысты қызметін тоқтатты. Кейін, 1978 жылы ақпан айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті жаңадан құрылды. Жаратылыстану факультетінің алғашқы түлектері 1983 жылы бітірді, олар химия және биологияның 43 мұғалімі және олардың 16-сі үздік дипломмен аяқтады.
1982 жылы химия және биология бөлімі жаратылыстану факультеті болып құрылды. Бірінші деканы А.Р.Садықов. Факультеттің құрылу басында – М.Д. Дрямова, доцент Б.Г. Подлибнер, доцент А.М. Сарсенов, доцент Э.Г. Оразаев, профессор С.А. Айпейсова, аға оқытушы С.М.Брудная тұрды.
Кейін факультеттің басшысы болып Ленинград ауылшаруашылық институтының (өсімдіктерді қорғау факультеті), Орынбор ауылшаруашылық институтының түлегі және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты Мария Дмитриевна Дрямова тағайындалды.
Жаратылыстану факультеті КСРО ҒА-ның ғылыми зерттеу мекемесімен, ҚазКСР-ның ҒА, КСРО-ның ҒПА және республика жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста болды. Биология ғылымдарының кандидаты О.Х. Абдрахманов Қазақ КСР ҒА-ның зоология институтының қызметкерлерімен бірге КСРО мен Қазақ КСР-ның Қызыл кітабына енгізілген энтомопатогендік саңырауқұлақ пен Аплохейлус балығына тәжірибе жасады.
А.Р. Садықов, А.Т. Сағынаев, Э.Г. Оразаев, С.И. Айпеисова секілді оқытушылар Ақтөбе облысының экологиялық мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жүргізді, яғни суды хромнан, бордан және т.б. зиянды заттардан тазарту амалдарын іздеген. Доцент С.А.Айпеисованың жетекшілігімен Ақтөбе облысындағы флораны зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1990 жылдан бастап қазақ бөлімдері ашылды. 1995-2000 жылдар аралығында «химия-биология», «биология-география» мамандықтары ашылды. 2004 жылда кредиттік жүйе бойынша оқытуға сәйкес мамандықтарды бір бағытта даярлау қолға алынды.
Факультеттің құрылған күнінен бастап, әр жылдары (университеттің бөлінуі және қайта қосылуы кезеңдерінде) факультетті білікті ғалымдар, оқытушылар декан қызметінде басқарды:
1978-1982 жж. - б.ғ.к., доцент А.Р.Садыков;
1982-1991 жж. –б.ғ.к., доцент М.Д.Дрямова;
1991-2001 жж. – б.ғ.к., доцент Э.Г.Уразаев;
2001-2004 жж. – х.ғ.к., доцент А.Т.Сагинаев;
2004-2008 жж. –х.ғ.к., доцент Ғ.Л.Есназарова;
2004-2007 жж. – б.ғ.к., доцент Е.Т.Казкеев;
2007-2010 жж. – б.ғ.к., доцент А.М.Темірова;
2008-2013 жж. – п.ғ.к., доцент А.С.Мамбеталина;
2013 қыркүйек - 2013 қараша жж. - б.ғ.к., доцент Е.Х.Мендыбаев;
2013-2014 жж. – п.ғ.д., профессор Т.А.Ботагариев;
2014-2015 жж. – х.ғ.к., доцент Г.Л.Есназарова;
2015-2016 жж. – х.ғ.к., доцент З.Б.Султамуратова;
2016-2017 жж. – б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева;
2017-2022 жж. - PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
2022-2024 жж.- х.ғ.к., доцент А.К.Апендина;
2024 жылдың қыркүйегінен бастап факультет деканы қызметіне б.ғ.к., доцент Г.Б.Адманова тағайындалды.
Бүгінгі таңда Жаратылыстану факультетінің құрамын 3 кафедра құрайды.
Кафедралар:
- Экология
- Биология
- Химия
Кафедралар келесідей білім бағдарламаларына қызмет етеді:
Бакалавриат бойынша білім бағдарламалары:
- 6В05201 — ЭКОЛОГИЯ
- 6В07104 — ЭКОЭНЕРГЕТИКА
- 6В01505 – БИОЛОГИЯ
- 6В01533 – БИОЛОГИЯ ІР
- 6В05101 — БИОЛОГИЯ
- 6В05102 - БИОТЕХНОЛОГИЯ
- 6В01504 — ХИМИЯ
- 6В01514 — ХИМИЯ ІР
- 6В05302 — ХИМИЯ
- 6В07206 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Магистратура бойынша білім бағдарламалары:
- 7М05201 – ЭКОЛОГИЯ
- 7М01505 — БИОЛОГИЯ
- 7М05101 — БИОЛОГИЯ
- 7М01504 — ХИМИЯ
Оқу орнын бітіруші түлектерге білім бағдарламалары бойынша «Білім бакалавры», «Жаратылыстану бакалавры», «Техника және технология бакалавры», «Педагогика ғылымдарының магистрі», «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
1986-1987 оқу жылында студенттерді «Химия» мамандығына қосымша «Экология» мамандығы бойынша дайындаудан басталды.
1995-1996 оқу жылында «Экология және география» кафедрасының құрамында «Экология» мамандығы дайындалып, 2002 жылы мамандық бес жылдық оқу мерзімімен 010940 – «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығына өзгеріп, 2004 жылы «Экология және биология» кафедрасы болып қайта құрылды.
1994 – 2006 жж. аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін б.ғ.к., доцент Александр Рахмединович Садыков атқарды.
2007 жылдың 1-қарашасынан бастап, университет ректоры профессор К.К.Кенжебаевтың өкімімен «Экология және биология» кафедрасы бөлініп, «Экология» кафедрасы толықтай өз алдына дербес кафедра ретінде жұмысын бастады.
Экология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарғандар:
2006 – 2013 жж. - б.ғ.к., доцент Е.Х.Мендыбаев;
2013 – 2017 жж., 2019 – 2022 жж. - т.ғ.к., доцент Г.А.Исенгалиева;
2017-2019 жж. – п.ғ.к., доцент Г.Е.Нұрмұханова;
2022 жылдың қыркүйегінен бастап магистр, оқытушы А.А.Даулетяров басқаруда.
Экология кафедрасының дамуына үлкен үлес қосқан профессор-оқытушылар: А.М.Сарсенов, А.Р. Садыков, А.Н.Телеуов, Е.Х.Мендыбаев О.М.Тургенова, К.И.Исламова, Г.Е.Нұрмұханова, С.М.Базарбаева, М.Ж.Махамбетов, Г.А.Исенгалиева, М.А.Картова, А.Ш.Қалиева және т.б.
«Биология» кафедрасының тарихы 1978 жылы құрылған «Химия және биология» кафедрасынан басталады. 1979 жылдан бастап «Биология» кафедрасы болып өзгертілді. Жылдан жылға институт өсе келе, кафедралар жұмысының ауқымы кеңейіп, олардың атаулары да кафедра айналысатын салаға сай өзгеріп отырды.
Университеттің бөлінген және қайта қосылған кезеңдерінде, әр жылдарда кафедраның атауы «Биология және экология», «Химия және биология», «Теориялық және қолданбалы биология», «Биология» болып аталды және кафедраны басқарды:
1978-1982 жж. – б.ғ.к., доцент Э.Г.Уразаев;
1991-1998 жж. – б.ғ.д., профессор С.А.Айпеисова;
1998-2003 жж. – б.ғ.к., доцент А.Н.Телеуов;
2003-2004 жж. – б.ғ.к., доцент Е.Т.Казкеев;
2004-2006 жж. – п.ғ.к., доцент Б.М.Тәжіғұлова;
2006-2007 жж. – б.ғ.к., доцент О.М.Тургенева;
2007-2013 жж. – м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
2013-2014 жж. – б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова;
2008-2017 жж. – б.ғ.к., доцент Е.Т.Казкеев;
2017-2024 жж. - б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова;
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Ж.І.Қуанбай басқарады.
Кафедраның құрылуына зор үлес қосқан профессор - оқытушылар: Н.В.Ольховик, Э.Г.Уразаев, А.Р.Садыков, М.Д.Дрямова, К.О.Хасенов, С.Я.Исабаев, С.А.Айпеисова, С.М.Брудная, А.В.Фандина, М.Г.Осинова, И.Г.Цыганков, А.А.Базарғалиева, Е.Т.Казкеев, Р.И.Изимова, А.М.Абдукаримов, Г.М.Атаева, И.М Жолдасова және т.б.
Ақтөбе облысында «Химия» пәнінің мұғалімдеріне сұраныстың артуымен Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультеті базасында 1978 жылы «Биология» қосымша мамандандырылуы бар 2122 – «Химия» мамандығы ашылды. Алғашқы оқу жылы 50 студент оқуға қабылданды. Мамандарға жалпы білім беретін орта мектебінің «Химия және биология пәні мұғалімі» біліктілігі берілді.
1979 жылы екінші рет абитуриенттер қабылданып, «Химия және биология» кафедрасы «Химия» кафедрасы (кафедра меңгерушісі А.Р.Садыков) және «Биология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі Э.Г.Уразаев) болып қайта құрылды.
2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті екіге бөлініп (Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе мемлекеттік университеті), 2013 жылы қайта қосылуына байланысты және дайындалатын мамандықтардың бағытына қарай кафедраның атаулары әр жылдарда «Химия», «Химия және биология», «Химия және химиялық технология» болып өзгертіліп отырды. Мамандықтардың дамуына әртүрлі жылдарда өз үлестерін қосқан кафедра меңгерушілері:
1978-1981 жж. – б.ғ.к., доцент Э.Г. Уразаев (химия және биология);
1981-1986 жж. – доцент А.Р.Садыков (химия);
1986-1987 жж. – профессор Н.Р.Букейханова (химия);
1987-2001 жж. – к.х.н., доцент А.Т.Сагинаев (химия);
2000-2001 жж. - т.ғ.к., доцент К.К.Каратаев (химиялық технология);
2001-2004 жж. – х.ғ.к., доцент Ғ.Л.Есназарова (химия);
2001-2002 жж. - х.ғ.к., доцент А.У.Рсымбетова (химиялық технология);
2002-2006 жж. - х.ғ.к., доцент Ж.Е.Джакупова (химиялық технология);
2004-2006 жж. – т.ғ.д., профессор И.Н.Нурлыбаев (химия);
2004-2007 жж. – п.ғ.к., доцент С.М.Когисов (химия, педагогикалық бағыт);
2006-2012 жж. – х.ғ.к., доцент Е.Б.Досмурзина (химия);
2006 – 2009 жж. - х.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Убайдулаева (химиялық технология);
2007-2011 жж. – х.ғ.к., доцент Қ.Ж. Естекова (химия, педагогикалық бағыт);
2009-2012 жж. - к.х.н., доцент Л.К.Тастанова (химиялық технология);
2011-2013 жж. – м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова (химия және биология, педагогикалық бағыт);
2012-2013гг. – х.ғ.к., доцент Л.К.Тастанова (химия және химиялық технология);
2013-2014 жж.–б.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Адманова Г.Б. (химия және биология, педагогикалық бағыт)
2014-2015 жж. - х.ғ.к., аға оқытушы З.Б.Сұлтамұратова (химиялық технология);
2014 – 2017 жж. п.ғ.к., доцент Б.Б.Досанова (химия);
2015-2017 жж. - х.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Убайдулаева (химиялық технология);
2017-2018жж. - х.ғ.к., аға оқытушы З.Б.Сұлтамұратова (химия және химиялық технология);
2019-2022 жж.- х.ғ.к., аға оқытушы А.К.Апендина (химия және химиялық технология);
2022 – 2023 жж. – х.ғ.к., доцент Р.Орынбасарқызы (химия және химиялық технология);
2023 жылдың қыркүйегінен бастап магистр, оқытушы А.Е.Тренова басқарады.
Кафедраның дамуына үлес қосқан профессор - оқытушылар: И.Н.Нурлыбаев, К.К.Каратаев, Г.Т.Туремуратова, А.У.Рсымбетова, К.Ж.Естекова, Л.К.Тастанова, А.Е.Байманова, С.З.Наурызова, С.Н.Мугалова, Ғ.Л.Есназарова, Б.Б.Досанова, С.М.Көгісов, Е.В.Волобуева, Г.А.Рахметова, А.А.Агишева, Б.С.Имангалиева, Қ.Г.Альмуратова және т.б.
Барлық білім бағдарламалары мамандандырылған аккредитациядан өтті:
6В05201 – Экология, 7М05201-Экология ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж).
6В07104-Экоэнергетика ББ Қазақстанның Заманауи Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге аккредиттелді (21.12.2021 – 20.12.2024).
6В01505-«Биология», 6В05101-«Биология», 7М05101-«Биология» ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» мамандандырылған аккредитациясынан 5 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.) .
6В05102-Биотехнология ББ Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге аккредиттелді (23.12.2020 – 22.12.2025).
7М01505-«Биология» ББ ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінен 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті (12.06.2020ж. – 11.06.2025ж.) .
6В01504-Химия ББ «Аккредитттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуде сертификатын 5 жыл мерзімге алды (05.12.2021ж. – 04.12.2026ж.).
6В05302-Химия ББ «Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEE» эксперттік комиссия мамандандырылған аккредитациясынан 5 жылға өтті (13.12.2019– 12.12.2024).
6В07206-Азық–түлік өнімдерінің технологиясы ББ «Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEE» эксперттік комиссиясынан 5 жылға аккредиттелді (23.12.2020ж. – 22.12.2025ж.).
7М01504 –Химия ББ бойынша «Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» комерциялық емес мекемесі эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 3 жылға өтті (29.06.2023ж. – 28.06.2026ж.).
Факультеттің материалдық – техникалық базасы 53 аудиториядан тұрады. Олардың ішінде дәріс аудиториялары – 5, оқу аудиториялар – 29, оқу зертханалары – 14, оқу-әдістемелік кабинеттер – 3, оқу-ғылыми зертханалары - 2.
Ақтөбе облысы және қаласының өндіріс орындары, білім беру мекемелері базаларында факультет кафедраларының филиалдары ашылып, бүгінде дуалды оқыту, оқу процесіне практик мамандарды тарту қызметтері жүзеге асырылуда. Бүгінде кафедра филиалдарында жүйелі ғылыми зерттеулер, кафедра бағыты бойынша жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу, оқу үрдісіне жаңа білім инновацияларын енгізу, тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-практикалық семинарлар ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін тәжірибеге ендіру жұмыстары жүргізілуде.
Факультет қызмет ететін білім бағдарламаларының бағытына қарай өндірістік практика базалары үнемі толықтырылып, жаңарып отырады. 6В01504-«Химия», 6В01505-«Биология» ББ Назарбаев Зияткерлік мектебімен «Үйрен-бөліс» жобасы жұмысын жалғастыруда. «Білім» бағытының 4 білім бағдарламалары (6В01504-Химия, 6В01505-Биология, 7М01504-Химия, 7М01505-Биология) және 7М05101-Биология, 7М05201-Экология ББ көптілді білім беру жүйесіне көшірілді.
Факультет білім алушылары үшін РЖООАЭК, РҒТК АҚ, «Диссертации РГБ» МҚ, «Web of Science» МҚ, «Springer Link» МҚ ресурстары қол жетімді.
Оқытушылар мен білім алушылардыңағылшын тілін меңгеруіне тілдік курстар жасайды.
Қазіргі таңда факультетте 55-тен астам профессор-оқытушылар 1800-дей білім алушыларды бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру мақсатында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Факультетте сапалық құрамы талапқа сай жоғары білікті профессор-оқытушылар қызмет жасайды, құрамы – 55 адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторы – 1, ғылым кандидаттары – 21, PhD – 4, аға оқытушылар – 12, оқытушылар – 17.
Даярлау бағыттары бойынша ғылыми дәреже келесідей:
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау – 51 %
6В051-Биологиялық және аралас ғылымдар – 57,9%
6B053-Физикалық және химиялық ғылымдар – 56,5%
6В052 Қоршаған орта – 52,8%
6B072-Өндірістік және өңдеу салалары – 53,75%
Факультетте «ҚР ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталғандар, мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының, «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері қызмет етеді:
«Құрмет белгісі» иегерлері:
- б.ғ.д., профессор С.А.Айпеисова;
«ҚР ҒЖБМ» алғыс хаттары:
- м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
- п.ғ.к., доцент. Б.И Имангалиева;
- PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
- б.ғ.к., доцент Г.Б.Адманова;
- магистр, аға оқытушы Ж.І.Қуанбай
«ҚР ҒЖБМ» «Құрмет грамотасы»:
- м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
- б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева;
- PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
- п.ғ.к., доцент. Б.И Имангалиева;
- п.ғ.к., доцент Г.Е Нурмуханова;
- б.ғ.к., доцент А.Н.Телеуов;
«ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру iсiнiң үздiгi» құрмет дипломы:
- п.ғ.к., доцент С.М.Көгісов;
«ҚР Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі:
- а/ш.ғ.к., профессор С.Я.Исабаев;
- б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева;
- б.ғ.к., доцент А.Н.Телеуов;
«ЖОО Үздік оқытушысы» төс белгі:
- б.ғ.к., доцент Е.Т. Казкеев;
- п.ғ.к., доцент Б.С.Имангалиева;
- PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
«Үздік ғылыми қызметкер» төс белгісі:
- PhD, доцент А.М.Исимов;
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдама грант иегерлері:
- магистр, аға оқытушы Г.У.Кеубасова;
- PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
- б.ғ.к., доцент Г.Б.Адманова;
Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға және талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері:
- б.ғ.к., доцент Г.Б.Адманова;
- PhD, доцент М. Ж. Махамбетов;
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алғандар:
- PhD, доцент А.М.Исимов;
- PhD, доцент А.М.Мыңбай;
- магистр, оқытушы А.А.Даулетяров;
«Жұбанов атындағы университеттің үздік оқытушылары»:
- п.ғ.к доцент И.Н. Бодықова;
- м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
- б.ғ.к., доцент Г.Б.Адманова;
- аға оқытушы, магистр С.Д.Дүзелбаева;
- п.ғ.к., доцент С.М. Когисов;
«Университетті дамытудағы еңбегі үшін Қ.Жұбанов атындағы төс белгі»:
- б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева;
- п.ғ.к., доцент С.М. Когисов;
- б.ғ.к., доцент О.М.Тургенева;
- б.ғ.к., доцент А.Н.Телеуов;
- магистр, аға оқытушы А.М.Абдукаримов;
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ «Еңбек ардагері» төс белгі:
- п.ғ.к., доцент С.М.Когисов;
- х.ғ.к., доцент Ғ.Л.Есназарова;
- п.ғ.к., доцент Б.Б.Досанова;
- б.ғ.к., доцент О.М.Тургенева;
- м.ғ.к., доцент Р.С.Темиркулова;
- м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
- б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева.
Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты:
- б.ғ.к., доцент А.А.Базарғалиева;
- магистр, аға оқытушы С.Д.Дузелбаева;
- п.ғ.к., доцент Г.Е Нурмуханова;
- б.ғ.к., доцент О.М.Тургенева;
- PhD, доцент М.Ж.Махамбетов;
- б.ғ.к., доцент А.Қ.Қалиева;
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-Ректорының Алғыс хаты:
- п.ғ.к., доцент Г.Е Нурмуханова;
- м.ғ.к., доцент Р.И.Изимова;
- б.ғ.к., доцент А.Н.Телеуов;
- т.ғ.к., доцент Г.А.Исенгалиева;
- магистр, аға оқытушы А.С.Ташимова;
- магистр, аға оқытушы А.К.Умбеткулова;
- б.ғ.к., доцент А.Қ.Қалиева;
- PhD, доцент Н.А.Утарбаева;
- б.ғ.к., доцент Е.Т.Казкеев;
- магистр, аға оқытушы А.М.Абдукаримов;
- п.ғ.к., аға оқытушы К.К.Альмуратова;
- х.ғ.к., доцент Н.А.Убайдулаева;
- магистр, аға оқытушы С.Д.Дузелбаева;
- магистр, оқытушы Т.Н.Нұрдаулетова;
«Жас ғалымдар» атты облыс әкімінің гранты:
- т.ғ.к., доцент Г.А.Исенгалиева;
«Патенттер»:
- «Селекциялық жетістікке патент», авторлары: б.ғ.к., доцент А.А.Базаргалиева, PhD, доцент Н.А. Утарбаева;
- «Қалдықсыз технология. Тиімділік және сапа», авторы: х.ғ.к. доцент Н.А.Убайдуллаева;
Гранттық қаржыландыру
- 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау нәтижесінде биология кафедрасының доценті, PhD А.М. Исимовтің жетекшілігімен "Ірі қара малдың түйінді дерматиті: Қазақстан территориясында вирустың тасымалдаушылары, таралу ареалы, халықтың хабардарлығы және рекомбинатты вакцина тәрізді штамының генетикалық сипаттамасы" тақырыбындағы жобасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруына ие болды. Бұл жоба ветеринария саласындағы қолданбалы зерттеу ретінде маңызды рөл атқарып, Қазақстан аумағында нодулярлы дерматит вирусының таралу аймағын және негізгі тасымалдаушыларын анықтауды, сондай-ақ халықтың бұл ауру туралы хабардарлығын арттыруды мақсат етеді.