6В07206 – «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Шифр – мамандықтың атауы:
6В07206 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
6В07206 – «Азық–түлік өнімдерінің технологиясы» ББ «Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEE» эксперттік комиссиясынан 5 жылға аккредиттелді (23.12.2020ж. – 22.12.2025ж.).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6В07206 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- технолог,
- әртүрлі меншік түріндегі қайта өңдеу кәсіпорындарының шебері;
- өндірістік зертхананың техник-технологы;
- ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-да маман (лаборант);
- стандарттау және сертификаттау орталықтарындағы маман.
Кәсіби қызметінің пәні:
- тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында технологиялық процесті ұйымдастыру және жүргізу;
- дайын өнімнің шығуы мен сапасын арттыру үшін технологиялық процестерді жетілдіру және тиімділігін арттыру;
- тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
- азық-түлік өнеркәсібіндегі шикізатты, қоғамдық тамақтану мен дайын өнімдер мен бұйымдардың компоненттерін технохимиялық бақылау;
- стандарттар талаптарына жауап беретін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету;
- еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау;
- экология, өндірістік санитария, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ өрт-жарылыс қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын және өндірістік қызметін талдау;
- техникалық-экономикалық көрсеткіштерді және маркетингтік қызметті талдау.
Білім беру қызметінің түрлері:
- тамақ өнеркәсібі салалары;
- жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- азық-түлік қызметінің түрлі түрлері мен формаларының кәсіпорындары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жетекші кәсіпорындар);
- ет-сүт өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану; тамақ кәсіпорындары, ет және балық жартылай фабрикаттары; шұжық өнімдері және ысталған өнімдер; балалар және диеталық тамақ өнімдері);
- жобалық институттар;
- ғылыми мекемелер;
- оқу орындары.
Практика базалары:
«ЖШС Анвар, ЖШС «Taksim Asia», Ойыл аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ИП “Адлер” кондитерлік цех, ЖШС“Инком”, ИП Lemonade кафе, Био Нан, ЖШС «ROKOS» зауыты, Мейрамхана «Андр», ЖШС “Pizza house” DODO pizza мейрамхана, KFC Актобе ЖШС Caspian International restourants company», ЖШС «Жаңа Альджан мелькомбинат Гранум»