08/08/2024
Шифр-мамандықтың атауы:
6В05102 – «Биотехнология»
Аккредитациядан өтуі:
6В05102-«Биотехнология» ББ Қазақстанның Инженерлік Білім Ассоциациясы KazSEEден 5 жыл мерзімге аккредиттелді (23.12.2020 – 22.12.2025).
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл.
Берілетін дәреже:
«6В05102 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- білім беру ұйымдары;
- тамақ және қайта өңдеу, микробиология, фармацевтика, мұнай өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары мен зертханалары;
- санитарлық-эпидемиологиялық, өсімдіктерді қорғау, селекциялық станциялар;
- ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалар.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- ғылыми-зерттеу институттарындағы, жоғары оқу орындары мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардағы маман (зертханашы);
- өндірістік зертханалардағы технолог;
- биотехнологиялық, медициналық, мұнай, ауыл шаруашылығы өндірістеріндегі маман-технолог;
- тамақ өндірісінің маманы;
- экологиялық қызметтер мен ұйымдардағы маман.
Кәсіби қызметінің пәні:
- биотехнологиялық өнім өндіруді жүзеге асыру;
- биотехнологиялық өнімнің сапасын бақылау;
- биотехнология объектілерін өсіру және биологиялық іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- биотехнологиялық өндірістің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру;
- жаңа тамақ өнімдерін сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқару;
- ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу;
- жобалау;
- селекциялық;
- сервистік-пайдалану;
- монтаждық-келтірушілік;
- есептік-жобалық;
- білім беру.
Практика базалары:
- ТОО « Айс плюс»
- «Ақтөбе Продукт» ЖШС
- ТОО «Рамазан»
- СЭС және т.б.