БАСТЫ БЕТ > 6В01533 - БИОЛОГИЯ IP > 6В01533 - БИОЛОГИЯ IP

Шифр-мамандықтың атауы:

6В01533 – «Биология ІР»

Аккредитациядан өтуі:

-

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

6В01533 – «Биология ІР» білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

  • білім беру (жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледж);
  • басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу ұйымдары және институттары).

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • орта білім беретін, орта кәсіптік орындары;
  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • басқару саласы.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • жаңа құралдар мен әдістерді пайдаланып, оқыту мен тәрбиелеу;
  • жаңа зерттеу әдістері, құрал-жабдық материалдар және т.б.;
  • кеңсе жабдығы, әртүрлі қосымша материалдар агробиостанция және юнаттар станциясы және т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білім беру (әртүрлі білім беру мекемелерінде мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.);
  • ғылыми зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай алу;
  • жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру (көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, жоспарлау);
  • өнеркәсіптік – басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімдері, әкімшілік, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т.б.);
  • биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетінде (санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда және т.б.).

Практика базалары:

  • Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі;
  • Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының барлық мектептері;
  • Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы;
  • жас натуралистер станциясы және т.б.