БАСТЫ БЕТ > БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ > БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

 

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Жаратылыстану факультетінің үлкен мақтанышы факультетіміздің түлектері. Факультет түлектерінің есімдері Ақтөбе облысынан тыс жерлерге де жақсы таныс. Олардың ішінде белгілі ғалымдар, саясатшылар мен өнер саласының қайраткерлері, ұлттық компаниялар мен департаменттердің жетекшілері, облыс және қалалық әкімшілікте басшылық қызметте жұмыс жасайтын тұлғалар, ғылым докторлары мен кандидаттары, аудандық білім бөлімі мен  әртүрлі деңгейдегі мектептердің директорлары көптеп саналады.

Жоғары лауазымдағы түлектеріміз:

 

 

Закарья Кунсулу Дальтоновна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Химия-биология» мамандығының 1989 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Биотехнология, биоқауіпсіздік және микробиология саласындағы 10 ғылыми-техникалық бағдарламаның,  200-ден астам ғылыми жобаның,  22 халықаралық жобаның бақылаушысы. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы 3 ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі. «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасау» ғылыми-техникалық бағдарламаның  жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор.

 

 

Петров Константин Викторович

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты «Химия-Биология» мамандығының 1991 жылғы түлегі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

 

 

Давлеткалиева Елизавета Султановна

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педогогикалық институт «Химия-Биология»  мамандығының 1986 жылғы  түлегі. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту  әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Альмурзаева Салтанат Ибрагимовна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Химия-Биология» мамандығының 1995 жылғы түлегі,  ММ «Ақтөбе облыстық табиғи ресурстарды реттеу және пайдалану бақармасы» экологиялық экспертиза бөлімінің бастығы, б.ғ.к., доцент

 

 

Каплиева Айгул Кыдырбаевна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Химия-Биология» мамандығының 1995 жылғы түлегі, “Өрлеу”БАҰО” АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты, “Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі“ кафедрасының доценті, п.ғ.к.

 

 

 

Алиев Даулетжан Базарбайулы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Химия»  мамандығының 1997 жылғы  түлегі.  «ГидроЭкоРесурс» ЖШС директоры

 

Дуйсенбаев Абай Кабакбаевич

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Биология» мамандығының 1998 жылғы түлегі. Қазіргі таңда Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық университеті,  «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы  меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

Бошанов Арман Асқарұлы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Биология-География» мамандығының 1998 жылғы түлегі. Қазіргі таңда  Алга әкімінің орынбасары.

 

 

Жүсіпов Бауыржан Туремуратович

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Химия-Экология» мамандығының  1999  түлегі,  «Батыр шапағаты», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Педагогика саласының үздік қызметі» медальдарының иегері. Жетісу ауданының «Жыл мұғалімі-2008», Гран-при иегері. Сонымен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі үшін аудан және Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталары бар. Бауыржан Төремұратұлы 2013 жылы «Қазақстандағы заманауи білім» энциклопедиясының үздік ұстаздар тізіміне енді. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Tamos Education» қазақ мектебінің директоры.

 

                                        

Кребаева Ляззат Утепбергеновна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Химия» мамандығының 1999 жылғы түлегі, АҚ «СНПС - Актобе мунай газ» лабораториясының директоры.

Омарова Айгул Жарболкызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті  «Химия»  мамандығының 2002 жылғы   түлегі.   «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей»  директорының оқу-тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары, химия пәні мұғалімі.

 

Салиманова Айгуль Кадиржановна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты «Биология» мамандығының 2005  жылғы түлегі. Қазіргі таңда  «Ақтөбе құрылыс техникалық»  колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 

Нұрсұлтанова Ақтолқын Батықанқызы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Химия-Биология» мамандығының 2006 жылғы түлегі,  Ақтөбе қаласы №18 мектеп директоры.

 

Кулумшин Естибай Умурбаевич

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Биология» мамандығының 2006 жылғы түлегі,   Мұғалжар ауданының №2 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің директоры.

 

Аянасова Лаура Аянасовна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Химия-биология» мамандығының  2007 жылғы түлегі, Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі»  АҚ филиалында, «Биология» пәнінің мұғалімі.

Ермашева Данагүл Турымжановна

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Химия - Биология» мамандығының 2007 жылғы түлегі,   Тайсойған негізгі мектебі директоры.

 

Берденов Жарас Галимжанович

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Экология» мамандығының 2008 жылғы түлегі,  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор.

 

Тәжімішов Абзал Амантаевич

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Биология» мамандығының 2008 жылғы түлегі,   №60 орта мектебінің директоры.

Гатаулин Артур

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Экология» мамандығының 2009 жылғы түлегі, Қазір ЖШС «Казахтуркмунай» Қоршаған ортаны қорғау инженері.

Тарғынов Әмірхан Өмірзақұлы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Экология»  мамандығының 2010 жылғы түлегі. Қазір Ұлытау облысы бойынша экология департементі басшы орынбасары - Ұлытау облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы

 

                    

Ембергенов Ануар Ажигалиевич

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Экология»  мамандығының 2010 жылғы түлегі. «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС директоры

 

Нугаева Айнұр Туребаевна

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Химия»  мамандығының 2011 жылғы түлегі. Қазір "Ұлттық сараптама орталығы"  Темір ауданы бөлімшесінің басшысы.

Назаров Дастан Самигуллаевич

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Химия»  мамандығының 2012 жылғы түлегі. Қазір «Aqbobek» лицейінің химия пәні мұғалімі.

 

 

 

Сәскебай Әсет Қамбарұлы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Биология» мамандығының 2015 жылғы түлегі,  Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының директор орынбасары.

Жарас Бақытгүл Ерболатқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Химия»  мамандығының 2015 жылғы түлегі. Қазір 53 ЖББОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сәбит Ақбота Мұратқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Биотехнология»  мамандығының 2024 жылғы түлегі. Қазір ЖШС "Айс"  сүт зауытының балмұздақ цехының лаборанты

 

Райс Таңшолпан Нұрболатқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Биотехнология»  мамандығының 2024 жылғы түлегі. Қазір «ТК Фарм Актобе» фармацевтикалық компаниясында Лаборант-микробиолог.

 

 

Абуова Жайна Махсатқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»  мамандығының 2024 жылғы түлегі. Қазір ЖШС "Әділ сүт зауыты"  тамақ өнеркәсібінің технологы.

 

 

Жақсылықова Жанель Амантайқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»  мамандығының 2024 жылғы түлегі. Қазір ЖШС "Афсона"  мейрамханасының технологы.

 

 

Сисенбайұлы Ержан

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»  мамандығының 2024 жылғы түлегі. Қазір ЖШС "Айс"  зауытында сүт желісінің операторы.