БАСТЫ БЕТ > 6В02302 - АУДАРМА ІСІ > 6В02302 - АУДАРМА ІСІ

Шифр-мамандықтың атауы:

6В02302 – Аударма ісі

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2023 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі: 4 жыл.

Берілетін дәреже:

6В02302 – Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

– административті-басқару жүйесі саласы;

– білім және ғылым саласы;

– мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;

– халықаралық қатынас саласы;

– баспа ісі саласы;

– бұқаралық-ақпаратты құралдар саласы;

– ақпараттық-сараптама саласы және басқа салаларда.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшілік өкілдіктер, министрліктер, туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Түрлі жанр мен стильдегі түпнұсқа мәтіндерін аудару түрлері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– аудармашылық (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);

– ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар мен ұйымдарды құру);

– өндірістік-басқарушылық (отандық немесе шетелдік, біріккен кәсіпорындардың, ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде кәсіби міндетті (әр түрлі аударманың түрлері) орындау немесе басқару);

– ақпараттық-талдау (саяси әлеуметтік талдау жасау, ресми іс қағаздар жазу, есептер, шолу, жағдайларда болжау жасау, аударманы редакциялау);

– ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинау және өндеу).

Практика базалары:

«Intense Pro» аударма бюросы, ЖШС «ОилТехноГрупп», ЖШС «Ада Оил», КазМұнайГазӨнімдері, Ратэк ЕАЭС, Языковой центр ELS, ТеплоГазСервис.