БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

   Оқу және ғылыми қызметі

     8D02304 - Филология диссертациялық кеңесі 2022 жылы ф.ғ.д., профессор С.С.Исакованың жетекшілігімен Н.Қ.Құлтанбаева 2023 жылы ф.ғ.д.,  профессор К.К.Садированың жетекшілігімен Ш.Г.Абдирова және 2023-24 ж.ж. Э.Т.Боранкулова, К.Жұмашева, Сұлтанғалиева О.Қ., Утегенова А., Тухтарова А.С. докторлық диссертация қорғап, PhD атанды.

    Жоғары және арнаулы оқу орындарында, орта мектепте әдебиетті оқыту әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту; әдебиетті оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану; білім беру мекемелерімен байланысты қалыпты жолға қою және нығайту; оқытушылардың кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мақсатында кафедра ұжымы дәстүрлі түрде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізеді. Атап айтқанда «Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» (2012) атты аймақтық, көне түркі (руна) жазуы құпиясының ашылғанына 120 жыл толуына орай «Көне түркі жазуы – биік өркениет белгісі» (2013), «Филологиялық пәндерді оқыту мәселелері: инновациялық және перспективалық даму бағыты» (2014), «Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» (2015), «Қазақ әдебиеті және оны оқыту мәселелері» (2015), «Қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаны оқытудың өзекті мәселелері» (2016) тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіліп, материалдарының жинақтары шығарылды. Аталған семинарларға Республикадағы жоғары оқу орындарының, арнаулы орта оқу орындарының, облыс және қала мектептерінің ұстаздары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты, бұл – ұжымның кәсіби бағдар беру жұмысының жарқын үлгісі. 
    Сонымен қатар профессор-оқытушылардың ұйымдастыруымен өңірдің ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің, мұғалімдердің, студенттер мен магистранттардың қатысуымен оқырмандар конференциялары, әдеби кештер, кездесулер өткізіледі.

                      

    2024 жылдың 30 қаңтарында «Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау және коммерцияландыру жолдары» тақырыбында республикалық вебинар өтті.
Вебинар мақсаты: ұлттық-рухани құндылықтарды таныту мен игертудің қазіргі өмірге бейімделген жаңа форматтарын іздестіру және оларды коммерцияландыру арқылы маңызын арттыру жолдарын қарастыру.
Республикалық вебинарда рухани құндылықтардың өзектілігі мен өміршеңдігі, рухани құндылықтарды игертудің заманауи форматтары мен тәсілдері, рухани құндылықтарды коммерциялаудың тиімділігі мәселелері талқыланды.

    Iшкі академиялық ұткырлықты дамыту мақсатында және «Алаш кезеңі әдебиеті: интегративті фольклортану контексі және жаңа ғылыми парадигма» жобасы бойынша филология факультетінің студенттеріне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы бір апталық дәріс оқыды.

             

    Түркия мемлекеті, Эрзурум каласы, Ататүрік университетінің доценті, PhD доктор Дыйқанбай Майрамгүл мен Анкара каласы, Хажы Вайрам Вели университетінің PhD докторы Нұриман Бекарыс филология факультетінің ПОҚ, білім алушыларына арналған қонақ дәріс өткізді.

                        

    Кафедра доценті, PhD доктор  Кушкимбаева А.С. ғылым айы аясында «Оқуға құштар - мектеп, оқуға құштар - ел» жобасы шеңберіндегі 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасындағы ұлттық құндылықтар» атты семинар-тренинг өткізді. 

      

                                                           Ауыл ұстаздарына әдістемелік көмек.  

    Аудан ұстаздарына ғылыми-әдістемелік кеңес беруші спикер Аға оқутышы, магистр Ұлықпанов Әлия Жолдасқалиқызы.

   

                                                          Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі