6В02304 – Филология: Қазақ Филологиясы
Білім бағдарламасының шифры мен атауы:
6В02304 – «Филология: қазақ филологиясы» (Major: Филология; Minor: Журналистика, PR-менеджер)
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өту кезеңі):
«Аккредитация мен рейтингтің тәуелсіз Агентствосы» коммерциялық емес сыртқы сараптау комиссиясының тексерісінен 2018 жылдың желтоқсан айында мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.
Оқу мерзімі:
4 жыл
Берілетін дәреже:
Филология ББ бойынша гуманитарлық білім бакалавры
Маманның лауазымдық тізімі:
Оқытушы, редактор, корректор, референт, журналист, мемлекеттік тілде іс жүргізуші, қоғаммен байланыс саласының маманы
Кәсіби қызмет саласы:
Білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер, баспа ісі, теле және радио саласы, кадр бөлімдері, т.б.
Кәсіптік пәндер:
- қазақ тілінің синхронды-диахрондық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілері;
- қазақ, әлем әдебиеті;
- қазақ тілінде құжаттану.
Практика базалары:
- «Ақтөбе-Медиа» ЖШС
- “Qazaqstan-Aqtóbe” телеарнасы
- Тарлан колледжі
- Қ.Жұбанов колледжі
- Авто Жол Колледжі