БАСТЫ БЕТ > 7М02304 - ФИЛОЛОГИЯ > 7М02304 - ФИЛОЛОГИЯ

7М02304 – Филология


    Шифр, мамандықтың атауы:
7М02304 – «Филология»

    Аккредитациядан өтуі:
2018 жылдың   желтоқсан айында  ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден  5 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2024 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2171,  Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)   

    Берілетін дәреже:
7М02304 – «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша);

    Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі  – 2  жыл;  

    Маманның лауазымдарының тізімі:

  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: әдіскер, оқытушы;
  • жоғары оқу орындары: оқытушы;
  • ғылыми-зерттеу институттары: зерттеуші, ізденуші; 
  • білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары: әдіскер, оқытушы;
  • білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы органдар: әдіскер;
  • республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері: әдіскер-ұйымдастырушы;
  • облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар: әдіскер;
  • ҚР ҒЖБМ бақылау-аналитикалық қызмет: әдіскер, сарапшы республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, мемлекеттік, ведомстволық (оның ішінде түрлі жеке мекемелер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары; әдіскер, әдіскер-ұйымдастырушы.

     Кәсіби қызмет саласы

  • орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері; 
  • техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институттары;
  • білім беру саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • Терең теориялық білім қалыптастыру;
  • әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және лингвистика саласында кәсіби құзыреттіліктерін ұштастырады;
  • ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемесін ғылыми және әдеби шығармаларды талдауда қолдана алады;
  • кәсіби деңгейін көтереді;
  • кәсіби белсенділікті, конструктивті-әдістемелік қызметті дамытады;
  • қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді түсінетін және шеше алуға қабілетті белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастырады;
  • тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілуге қабілеттілігінің нәтижесінде ғылыми және әдеби еңбектерді бағалайды;
  • жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ береді; 
  • оқу жағдаятында әдістемелік-білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асырады;
  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделейді;  
  • филология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытады
  • ғылыми мекемелерде және білім беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындайды; 
  • зерттеу қызметінің алгоритімін қолданады;
  • филология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қол жеткізеді және қорытады;
  • ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжайды;
  • өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалайды.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • ЖОО білім беру үдерісі аясында магистрлердің зерттеу қызметін ұйымдастыру;
  • білім беру жүйесін басқаруда жаңашыл үрдістеріндегі жергілікті және өкілетті органдардың қызметі.

Практика  және тағылымдама базалары:

  •  «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)
  • «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)
  • Тарлан колледжі
  • Қ.Жұбанов колледжі
  • Авто Жол Колледжі