БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Кафедра бакалавриаттың 1 білім бағдарламасы және магистратураның 1 білім бағдарламасы, докторантураның 1 білім бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:

Бакалавриат:

  • 6B02304 – «Филология: қазақ филологиясы»;

Магистратура:

  • 7М02304 – «Филология».

Докторантура:

  • 8D02304 – «Филология».

    1989 жылы университетте қазақ филолог мамандарын даярлау басталғанда ашылған «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының құрамында болған Қазақ әдебиеті кафедрасы 1990 жылы 18 шілдеде дербес кафедра болып құрылды. Кафедра ұжымы 1998-2008 жылдары журналист мамандарды даярлауға қатысты. 

    Кафедраны әр жылдары филол.ғ.д., профессор Ә.М.Молдаханов (1990-1992, 1999-2006); ф.ғ.д., профессор Б.Т.Бораш (1992-1998); ф.ғ.к., доцент С.Ж.Бермағанбет (1998-1999); ф.ғ.д., профессор А.Ш.Пангереев (2006-2015), ф.ғ.к., доцент М.Р.Балтымова, доцент, PhD, доцент А.С.Кушкимбаева, ф.ғ.к., доцент Н.А.Садуақас., аға оқытушы Г.К.Тәңірбергенова, АӨУ профессоры Б.С.Қарағұлова,  PhD, аға оқытушы Н.Қ.Құлтанбаева басқарды. Қазір магистр Б.К.Олжабаев басқарып келеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы:

  • Олжабаев Бекарыс Кобланулы – кафедра меңгерушісі, магистр; 
  • Пангереев Абат Шамович – ф.ғ.д. профессор;
  • Султангалиева Жанат Салимкереевна – ф.ғ.к., доцент;
  • Ташимбаева Сакыпжамал Жаяновна – аға оқытушы;
  • Кушкимбаева Айнур Серикбаевна – PhD доктор, доцент;
  • Улыкпанова Алия Жолдаскалиевна – аға оқытушы, магистр;
  • Обаева Гүльнара Сәдуақасқызы – аға оқытушы, магистр;
  • Сұлтанғалиева Ольга Қашымқызы – PhD доктор, аға оқытушы;
  • Тәңірбергенова Гүлжан Кеңшілікқызы – аға оқытушы, магистр;
  • Мұхан Ақтоты Жансұлтанқызы – аға оқытушы, магистр;
  • Джубанова Гаухар Бактыбаевна – оқытушы, магистр;

                                                                 Кафедра ұжымы