БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

Математика кафедрасы 3 сатылық  деңгейі бойынша мамандар дайындайды

Бакалавриат:

  • 6В01501 – Математика
  • 6В05401 – Математика
  • 6В01508- Математика-Физика

Магистратура:

  • 7М01501 – Математика
  • 7М05401 – Математика

Докторантура:

  • 8D05401- Математика

Кафедра тарихы

Физика-математика факультетінің негізі қаланған күннен бастап  «Математика» мамандығы бойынша мамандар даярланып келеді.

1966 жылы ашылған педагогика институтында алғаш рет математика және физика кафедрасының іргетасы қаланып, оның алғашқы меңгерушісі қызметін институттың проректоры Төлегенов Мырзағали Отарұлы қоса атқарды.

1970 жылы алғашқы түлектер оқуды аяқтап, 15 түлек математика мұғалімі дипломын алды.

Жоғары математика кафедрасы 1968 жылы құрылды. Бұл кафедра 1974 жылдан математикалық анализ кафедрасы деп аталды.

1968 жылы жоғары математика кафедрасы құрамынан элементар математика кафедрасы бөлініп шығып, ол 1988 жылдан бастап алгебра және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы деп аталды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Шибаев Петр Яковлевич болды.

1996 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылуына байланысты, сонымен қатар университеттің кейінгі қайта құрылуына байланысты факультеттің математика кафедралары бірнеше рет қайта құрулардан өтті.

Әр жылдарда аталған кафедраларды Р.Ю. Мисонжник, Ж.А. Сартабанов, Ж.Н. Тасмамбетов, М.У. Ахметов, І.Т. Тәжімұратов, К.К. Кенжебаев, Д.И. Хан, К.Ж. Жұбаев, Я.Я. Ведель, Т.Т. Шерияздан, Ж.Қ. Қайдасов Е.С. Алданов, А.У. Ахметова, А.Е. Иманчиев, М.А. Тлеубергеновалар басқарды.

Көп жылдар бойы тәжірибелі педагогтар сабақ берді: К.Н. Ниязмагамбетов,  И.И. Ильясов, А.Б. Бержанов, У.Б. Баймагамбетов, В.И. Гончарова, А.Ш. Шокаева, Р.Т. Алимбаева, М.Т.Тумышев, В.Шубин,  Т.И. Припадчева, Р.М. Бекетова, С.А. Мырзабеков, А.Ж. Избасова және т.б.

2013-2017 жылдар аралығында  факультетте кафедралар  іргелі және қолданбалы математика мен математика және математиканы оқыту әдістемесі  атауларымен жұмыс жасап келді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап, іргелі және қолданбалы математика мен математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедралары біріктіріліп, Математика деген атаумен жұмысын жалғастыруда. Кафедра меңгерушісі  - физика-математика ғылымдарының кандидаты Тлеубергенова Мадина Альмухановна. 

Профессор оқытушылар құрамында 2 ғылым докторы,12 ғылым кандидаты, 8 магистр бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылық қызметке алыс және жақын шет елдердің ғылыми зерттеу және академиялық институттарының, басқа да  университеттердің жетекші ғалымдары шақырылады.

Кафедра магистратура, ғылыми және педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлау мен қайта даярлауда кәсіптік жоғары білім бағдарламасын іске асырады.
Кафедраның профессор-оқытушыларының елеулі еңбегінің нәтижесінде 1999 жылы  6М060100 – «Математика» бойынша магистратура мамандығын ашу мүмкіндігі туды.  Факультет 2011 жылдан  6М060100 - «Математика» мамандығы, 2016 жылдан бастап 6М010900 - «Математика» мамандығы бойынша магистрлер, 2015 жылдан бастап 6D060100 - «Математика» мамандығы бойынша докторанттар  дайындайды.

2014-2015 жж 5В060100 – «Математика»,  6М060100 – «Математика», мамандықтары НААР РК аккредитациясын сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды.  

2017-2018 жж 5В010900 – «Математика»,  6М010900 – «Математика» мамандықтары НААР РК аккредитациясын сәтті өтіп,  7 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды.