БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша мамандар дайындайды: 6В01501 – «Математика», 6В05401 –  «Математика», 6В01508- «Математика-Физика», 7М05401 – «Математика», 7М01501 – «Математика», 8D05401 – «Математика».

Кафедра барлық фундаменталды математикалық пәндерді және физика-математика факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арнайы курстарды, сондай-ақ техникалық факультет, экономика факультеті, жаратылыстану факультетінің студенттері үшін жоғары математикалық курстарды оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, мамандардың  сапалы дайындығы үшін оқу-әдістемелік құжаттар: пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, лекциялар мен практикалық (семинарлық) оқу әдістемелік нұсқауларын, әдістемелік құралдарды әзірлеп, жыл сайын жаңартып отырады.

2017-2018 оқу жылы ф.-м.ғ.к. А.Б.Өтесовтың «Нақты анализ курсына кіріспе»  деп аталатын оқу құралы жарық көрді.

2018-2019 оқу жылы ф.-м.ғ.к.,доцент Г.А.Абдикаликованың «Introduction to Mathematics», «Mathematical analysis I»  (бірлескен авторлар – ф.-м.ғ.к., М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің  физика және математика кафедрасының доценті А.А. Кульжумиева және  Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің докторанты  Г.М .Айтенова) екі оқу құралы ағылшын тілінде шықты.

2019-2020 оқу жылында п.ғ.д.кафедра профессоры А.К.Қағазбаеваның  «Наука об обучении и новая образовательная практика»,  «Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы»  (2-томдық), ф-м.ғ.к., доцент Ж.Қ. Кайдасов пен п.ғ.д., профессор А.К.Кагазбаеваның   «Мектеп математика курсы бойынша есеп шығару практикумы» оқу құралдары жарық көрді

Доцент М.А.Тлеубергенованың «Практикум по курсу математического анализа» оқу-әдістемелік құралы,сонымен бірге  кафедра аға оқытушысы А.Д.Сарманмен бірлесіп «Practicum on solving of problems algebra» оқу құралы шығарылды.

2020-2021 оқу жылында ф.м.ғ.к., доцент А.У. Ахметованың «Математикалық анализ» және ф.м.ғ.к., АӨУ доценті Х.Т. Отаров пен  аға оқытушы А.А.Тұрғанбаевтың   «Комплекс айнымалылы функциялар теориясы» оқу құралдары (Абай атындағы  ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОЭК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі (Жобаларды басқару топтары) грифімен; п.ғ.д.,профессор А.К.Қағазбаеваның «Основы дидактики», «Дидактика негіздері» және ф.м.ғ.к., доцент М.А.Тлеубергенова мен  аға оқытушы А.Д.Сарманның, 2 курс магистранты Г.Н.Рахимовамен бірлескен «Practicum on solving problems of algebra» электронды оқу құралы   баспадан шықты.

Кафедра оқытушылары жыл сайын қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттарында, қысқа мерзімді курстарда, оқу-әдістемелік семинарларда біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.  Соңғы  бес жылда кафедраның барлық оқытушылары  біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 7 оқытушы алыс жақын шет елдік жоғары оқу орындарында болды. Соңғы екі жылда математика кафедрасының  11 оқытушысы ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы» оқытушылары ұйымдастырған курстарды аяқтады. 5 оқытушы  педагог мамандарды даярлайтын ЖОО-ның оқытушыларына арналған «Назарбаев Интелектуалдық мектебі»-нің педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен болған біліктілік курстарынан өтті. Үштілділік бағдарламасын іске асыру мақсатында кафедраның 7 оқытушысы  ағылшын тілі бойынша біліктілік курстарынан өтті және сертификаттарға ие болды.

Математика кафедрасының оқытушылары жыл сайын «Қ.Жұбанов атындағы университетінің Үзіліссіз білім Институтының біліктілікті арттыру орталығы» ұйымдастыратын дәстүрлі  «Интерактивтік үлгідегі ең үздік ашық сабақ»  конкурсына қатысады.

«Интерактивтік үлгідегі ең үздік ашық сабақ»   конкурсында 2016-2017 оқу жылында      ф.-м.ғ.к., кафедра меңгерушісі М.А.Тлеубергенова 2-орынды, 2018 жылғы конкурс нәтижесі бойынша математика кафедрасының оқытушылары  магистр Нугаева Закира 1-орын, магистр Ж.Т.Исабергенова 2-орынды иеленді. 2020 жылдың конкурс нәтижесі бойынша 2-орынға математика кафедрасының аға оқытушысы К.С.Баешева лайық деп танылды, ал магистр  Ж.Т.Исабергенова «Обеспечение субъектно-субъектного взаимодействия со студентами» номинациясы бойынша  озық болды.

2017-2018 оқу жылында Астана қаласында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық педагогикалық конкурс өтті. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті А.У.Бекбауова «Лучшая презентация к занятию» номинациясы бойынша конкурсқа қатысты. Конкурста «Алгебра и геометрия» пәні бойынша «Эллипс және оның қасиеттері» тақырыбындағы презентациясы  көрсетілді. Конкурс қорытындысы бойынша А.У.Бекбауова 1-орынды иеленді.

Математика кафедрасының аға оқытушысы Л.С.Султангалиева 2019-2020 оқу жылында «Мастер своего дела» номинациясы бойынша  дипломмен марапатталды.

Кафедраның  профессор оқытушылар құрамы әртүрлі ғылыми зерттеулерді төмендегідей негізгі бағыттар бойынша жүргізеді:

  1. Жай және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, периодты және көппериодты тербелістердің математикалық теориясы, математикалық физика және оның қолданылуы

2.Нақты емес ақпараттар бойынша функциялар класының операторларының қалпына келтіру есептері

3.Дифференциалдық геометрия; үшөлшемді евклидтік кеңістіктегі Лобачевский жазықтығының шектеусіз бөліктерінің    мәселелері

4.Мектепте және ЖОО-да математиканы оқытудың заманауи проблемалары

  1. Математиканы оқытудағы ақпараттық педагогикалық технологиялар.

Кафедраның ғылыми жұмысы ҚР Білім және ғылым  министрлігінің іргелі зерттеулерінің грантымен қолдау табуда.

2013-2015 жылдар аралығында ф.-м.ғ.д.,профессор К.К. Кенжебаев, ф.-м.ғ.д., профессор Ж.А. Сартабанов, ф.-м.ғ.д., профессор А.Б. Бержанов, ф.-м.ғ.к., доцент Г.А. Абдикаликова  БжҒМ гранты бойынша 2013-2015 жылдарға арналған № 0113РК00686 базалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің кейбір аналитикалық және мерзімді-шекаралық есептерін сапалы зерттеу» тақырыбында ғылыми зерттеу жобасының орындаушылары болды.

2020-2021 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің   ғылыми және ғылыми-техникалық жобалары бойынша  гранттық қаржыландыру  конкурсында ф.-м.ғ.к.,доцент М.А.Тлеубергенованың жетекшілігімен 2 ғылыми жобаны жеңіп алды:

  1. 2020-2022 жылдарға арналған  12 ай мерзімінде жүзеге асыруға  жоспарланған – «Дифференциалдық теңдеулердің болжанбайтын шешімдері» жобасы,  AP08955400;
  2. ҚР БҒМ Гранттық қаржыландырудың 2021-2023 жылдарға арналған  ғылыми және ғылыми-техникалық  жобалар конкурсы бойынша  «Болжанбайтын тербелістер теориясы», ИРН:AP09258737.

Жоба орындаушылары кафедра оқытушылары магистр А.У. Жаманшин және 3-жыл  докторанты  З.Нугаева.

Ф.м.ғ.к., доцент  Бекбауова А.У.  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ  «Развитие STEM образования в  Zhubanov University»  ішкі .жобасының жетекшісі.

2020 жылдың 3 шілде күні кафедра оқытушысы, магистр С.Т.Мыңбаева  6D060100 – Математика мамандығы бойынша «Фредгольм интегралды-дифференциалдық теңдеуі үшін сызықтық емес шекаралық есептің сапалық қасиеттері және сандық шешімдері» тақырыбында PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім және  ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2020 жылдың 3-қарашасындағы  шешімімен  (бұйрық № 434) Мынбаева  Сандугаш Табылдықызына  D060100 – Математика мамандығы  бойынша  (PhD) философия докторы дәрежесі берілді.

2020 жылдың 9 желтоқсанында кафедра оқытушысы, магистр А.У.Жаманшин 6D060100 – Математика мамандығы бойынша   (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін   ” Дифференциалдық теңдеулер мен нейрондық желілердегі болжанбайтын тербелістер ” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық конференцияларға  және семинарларға белсенді қатысады.

Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары орталық академиялық баспаларда  және импакт-факторлы журналдарда, халықаралық базаға енген баспаларда (SCOPUS,  Thomson Reuters); ғылыми мақалаларды қоса алғанда 50-ден астам  ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақала жариялады. 20-дан астам әдістемелік құралдар мен  оқулық баспадан шықты. Оның ішінде ф.-м.ғ.к., профессор Ж.Қайдасов пен п.ғ.д., профессор А.К.Қағазбаеваның 15-тен аса  оқулықтары жарық көрді.

Кафедрада ф.-м.ғ.д., профессор  Ж.А. Сартабановтың жетекшілігімен кафедрада «Қолданбалы математика және информатика мәселелері» атты ғылыми семинар тұрақты түрде өтіп тұрады.

Сонымен қатар,кафедрада п.ғ.д., профессор А.Қағазбаеваның жетекшілігімен «Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамасы» тақырыбында ай сайын семинар өтіп тұрады.

2020-2021   оқу жылында  А.Е.Иманчиевтің  «Жай дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін  көпнүктелілік шектік есептері  және олардың қолданыстары», А.У. Бекбауованың «Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің   айнымалыларының бір бөлігі бойынша көп периодты  кең мағынадағы шешімдері», М.А.Тлеубергенованың «Дифференциалдық теңдеулер жүйесінің асимптотикалық қасиеттері»  монографиялары жарыққа шықты.

Математика кафедрасы Украина ғылыми орталықтарымен, Ресей, Түркия, Турция, Болгария, Чехия, Өзбекстан және Қазақстан Республиканың ғылыми орталықтармен кең көлемде байланыс жасауда. Алматы, Киев, Санкт-Петербург, Москвалық ғалымдармен қарым-қатынас нығаюда.

ф.-м.ғ.д, профессор М.У. Ахметов. Middle East Technical University, Ankara, TURKEY

Соңғы 3 жылда математика кафедрасында шетелдік ЖОО-мен келісім шарттар мен келіссөздер жүргізілді:

  • Тәжік ұлттық университеті (Душанбе, Тәжікстан);
  • М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті;
  • Украина Ұлттық ғылым академиясының Математика институты (Киев);
  • Қырғыз-орыс славян университеті (Бішкек, Қырғыз Республикасы);
  • Математика институтының есептеу орталығы (Уфа, РФ);
  • Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина).

Кафедра бірқатар халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға жетекшілік етеді. 1996 жылдан бастап, әр 3 жыл сайын университеттің физика-математика факультетінде дәстүрлі түрде «Дифференциалдық теңдеулер, талдау және алгебра мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.

«Дифференциалдық теңдеулер, талдау және алгебра мәселелері» атты VIII Халықаралық ғылыми конференцияның қатысушылар.  Ақтөбе, қараша 2018.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.К.Қағазбаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Математикалық білім: жағдайы, проблемасы, перспективасы» атты педагогикалық  форум

Кафедра облыстың халыққа білім беру  органдарымен байланыс орнатты.Кафедра оқытушылары оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарында дәрістер оқиды, сонымен қатар үнемі қала мектептерінде консультациялар өткізеді. Кафедраның профессор-оқытушылар  құрамы жыл сайын математика пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық, облыстық, қалалық олимпиадаларды, Кіші Ғылым академиясының Ақтөбе филиалының ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуге белсенді қатысады.

2019 жылдың қараша айында «Вверх по профессиональной  лестнице жизни» атты тақырыппен педагогикалық студия ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстың 14 мектебінен  мұғалімдер қатысты. Екінші турда 12 қатысушы бақ сынады, олардың ішінде Назарбаев интелектуалды мектебінің Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика интернатының Бөгетсай мектеп-гимназиясы, Ақтөбе қаласының № 2, 3, 8, 9,16, 35,44  орта мектептерінің мұғалімдері болды.

Кафедрада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын іргелі зерттеулер жүргізіледі:

AP08955400 “Дифференциалдық теңдеулердің болжанбайтын шешімдері” 2020-2021 ж. ж. (Жоба жетекшісі: ф.-м. ғ. к., доцент Тлеубергенова Мадина Альмухановна. Орындаушылар: ф.-м.ғ. д., профессор Ахмет Марат, PhD Жаманшин А., магистр Нугаева З. Т.).

AP08856170 “Болжанбайтын тербелістері бар инерциялық нейрондық желілер” 2020-2022 ж.ж. (Жоба жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Ахмет Марат. Орындаушылар: ф.-м. ғ. к., доцент Тлеубергенова М. А., ф.-м. ғ. к., аға оқытушы Сейлова Р. Д., PhD Жаманшин А., магистр Нугаева З.Т., магистр Амирханова Н.А.)

AP09258737 “Болжанбайтын тербелістер теориясы” 2021-2023 ж.ж. (Жоба жетекшісі:  доцент Тлеубергенова Мадина Альмухановна. Орындаушылар: ф. – м.ғ.д., профессор Ахмет Марат, ф. – м. ғ. к., аға оқытушы Сейлова Р.Д., Ph D Жаманшин А., магистр Н., магистр Изгарина Г. К.).

Сәуір 2022 жылы. PhD, аға оқытушы Мынбаева Сандугаш Табылдиевнаның жетекшілігімен дайындалған «Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеулерінің квазисызықты импульсті жүйелері үшін шеттік есептерді шешу әдістері» атты ғылыми жобасы «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басым бағыты бойынша ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын «ЖАС ҒАЛЫМ» конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды. Жобаның іске асырылу мерзімі – 32 ай, 2022-2024 жыл.

Жобаның мақсаты: Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеулерінің квазисызықты импульсті жүйелері үшін шеттік есептердің шешілімділік шарттарын белгілеу. Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеулерінің импульсті жүйелері үшін шеттік есептерді шешудің жуық және сандық әдістерін жасау. Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеулерінің импульстік жүйелері үшін шеттік есептерді шешудің тиімді алгоритмдерін құру және оларды сандық жүзеге асыру.

Тамыз 2022 жылы. PhD, математика кафедрасының оқытушысы Жәнібек Тоқмурзинның жетекшілігімен дайындалған «Төртінші ретті дербес туындылы гиперболалық типті шеттік есебінің жалпыланған шешімі» (ЖТН АР14971198) атты ғылыми жобасы «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер»; басым бағыты бойынша ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын «ЖАС ҒАЛЫМ» конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды.

Жобаның іске асырылу мерзімі-28 ай, 2022-2024 жыл.

XXI ғасырда ғылым мен техниканың даму қарқыны күшейген тұста математикалық физика есептері математикалық модельдер ретінде көптеген техникалық проблемаларды шешуде кеңінен қолданылады. Математикалық физиканың модельдік есептерінің дамып келе жатқан ретінде – екі айнымалылы төртінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшін бастапқы – шеттік есебін айтуға болады. Бұл жобада төртінші ретті дербес туындылы гиперболалық типті шеттік есептерінің жалпыланған шешімін табу әдісі қарастырылады. Шешілетін мәселелер – бұл шешімнің бар болуы мен бірмәнділігін зерттеу, сонымен қатар гиперболалық типті теңдеулер шеттік есептерін параметрлеу әдісі арқылы сандық-аналитикалық шешім құру.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Жұмағазиев Әміре Халиұлының «Многопериодические решения систем уравнений с различными операторами дифференцирования» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.

Қорғау орыс тілінде.

Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.

2021 жылғы 08 қыркүйекте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында физика-математика факультетінің профессор-оқытушылар мен докторанттардың, магистранттардың және 4 курс  студенттерінің қатысуымен офлайн/онлайн форматында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына физика-математика факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері, білім беру саласының өкілдері қатысып, Жолдау аясында белгіленген барлық тапсырмаларды іске асыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Бұл Университетіміздің Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді шешуге өз үлесін қосатын үлкен зияткерлік әлеуетке ие екендігін көрсетеді.

Мемлекеттің қуаттылығының бір көрінісі – жаңа жағдайға бейімделген білім мен ғылымның дамуы. Жолдауда осы саланы заманауи талаптарға сай, өркендету туралы нақты тапсырмалар берілгені қуантады. Бұл дегеніміз – озық білім мен тәрбие беру арқылы, шәкірттердің кәсіби шеберліктерін шыңдау арқылы білікті мамандар даярлауға ашылған зор мүмкіндік деген сөз!

Дөңгелек үстелге қатысушылар елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің  кітапханаларында 26-29.09.2022 ж. аралығындағы оқырмандар үшін «Kitap time-2022» жалпы Республикалық кітап фестивалі аясында «Білім әлеміне саяхат» атты ашық есік күні өткізілуде. Осыған орай, бүгін 2022 жылдың қыркүйек айының 26-шы жұлдызында Математика кафедрасының кураторы Ахметова Айымгул Утегуловна және 6В05401 – Математика мен 6В01501 – Математика мамандықтарының 4-курс студенттері ғылыми кітапханаға барды. Кітапхана меңгерушісі Жания Сагнаевна экскурсия жасатып, студенттерге математика кафедрасы оқытушыларының оқулықтарымен, ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерімен, кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптармен таныстырды. Солардың ішінде Қайдасов Ж., Жубаев А., Жылқыбаев А., Қоразов, Л.Н. Мясникованың, Н.Н. Жантуринаның, А.У. Ахметованың еңбектері бар. Студенттерді аса қызықтырғаны төрт жыл бойы сабақ берген Хасен Тоқтарұлы Отаров пен Дархан Төлепбергенұлы Ажымбаевтың «Комплекс айнымалы функциялар теориясы» және тағы басқа авторлардың оқулықтары болды.

Экскурсия соңында дипломдық жұмыс жазуға, пәндердің сабақтарына дайындалуға арналған қажетті әдебиеттерді осы ғылыми кітапханадан іздеп, алуға болатынын айтып, кітап меңгерушісі студенттерді кітапханаға шақырды.

ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА Е. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАТЕМАТИКА БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАДЫ.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті арасында жасалған келісімшарт негізінде, физика-математика факультетінің бастамасымен, алғашқы рет 6В05401-Математика білім бағдарламасының 3 курс студенттері ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алатын болады. 17 студент конкурстық іріктеуден өтіп, екіжақты келісім негізінде өзіне болашақ мамандыққа қажет болатын Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оқитын пәндерді таңдап алды.

2022-2023 оқу жылында 6В05401-Математика білім бағдарламасы бойынша 3 курс студенттеріне «Дифференциалдық геометрия және топология»  пәнінен онлайн форматта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті студенттеріне  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен 6D060100 Математика РhD докторы Н.К.Медеубаев, ал Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті студенттеріне университетіміздің профессоры, ф.-м.ғ.к., Ж.Қ.Қайдасов дәріс жүргізетін болады.

АУДАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ СЕМИНАР

2022 жылдың қазан айында профессор Ж.А.Сартабанов Шалқар қаласындағы мектептердің математика мұғалімдерімен ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда «‎Математика бойынша оқу сабақтарының сапасын арттырудың, оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың және талдауды бастау бойынша жоғары сынып оқушыларының ғылыми жобаларының кейбір мәселелері»‎ атты баяндама жасады. Семинар соңында аудандық білім бөлімі «‎Алғыс хат»‎ беріп, №1 мектеп ұжымымен кездесуден естелік фото-альбом сыйлады.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

30.09.22 күні факультетте “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесе отырып, мектеп мұғалімдеріне арналған оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру және қалыптастыру бойынша семинар өтті.

Математика кафедрасының доценті Р.Д.Сейлова, аға оқытушы К.С.Баешева, доцент Т.Т.Шерияздан, оқытушы М.Ә.Мұқаш “Оқушылардың жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру” тақырыбында семинар қатысушыларына баяндамалар жасады. Мұнда ғылыми жоба ұғымы, ғылыми жетекшінің міндеттері туралы айтылып,  жобаны қорғауға ұсынған кезде жіберілетін басты қателіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта сондай қателіктерге жол бермеу үшін жобаны рәсімдеу талаптары, жобаның құрылымы, тақырып таңдау жөнінде тың ақпараттар берді. Ал кафедра доценті А.Е.Иманчиев пен оқытушы Ж.Токмурзин “Олимпиадаларға, конкурстарға қатысу арқылы оқушылардың зерттеу қызметін қалыптастыру” тақырыбында баяндамалар жасап, мектеп оқушыларын түрлі олимпиадалар мен конкурстарға қатыстыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, нақты бір тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуге деген талпынысын қалыптастыруға болатындығы туралы сөз қозғады.        Оқушылардың жалпы білім беретін пәндерден ғылыми жоба жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар сәтті өтті.

«Математика» кафедрасының аға оқытушысы Мейрамбек Мұқаштың «Бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешу әдістері» тақырыбындағы  жобасы «Жас ғалым» конкурсы бойынша ҰҒК шешімімен  2022-2024 қаржыландыруға мақұлданды.

Жобаның мақсаты – бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептердің шешілімділік шарттарын орнату, шеттік есептердің шешімін табудың алгоритмдерін құру және сандық әдістерін әзірлеу.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

17 қазан күні Физика-математика факультетінің Әдістемелік кеңесінің ұйымдастыруымен «Математиканы оқытудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі»  әдістемелік семинар «Ашық сабақ – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасы» тақырыбында өткізілді. Семинар баяндамашысы п.ғ.д., профессор Ә.К. Қағазбаева.

XXI ғасыр – жаhандану ғасырында қоғам дамуының карқындылығының артуы, ақпарат ағымының өсуі, жаңа ақпараттық қарым-қатынас  технологияларының және  қарым-қатынастың лездік құралдарының пайда болуы білім беру жүйесінің әрбір сатысында, соның ішінде жоғары мектеп жүйесінде оқытуды ұйымдастыруға интерактивтілік тұрғысынан келуді талап етеді.

Семинар мақсаты Жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар өткізуді ұйымдастыру болып табылады.

Семинарда оқытудың инновациялық технологиялары әдістемесінің өзекті мәселелері, оқытушы педагогикалық жүйе, дидактикалық процесс, әдістемелік жүйе компоненттерінің, интерактивті сабақ түрлерінің ерекшеліктерін және олардың арасындағы сабақтастық пен  өзара байланыстары негізінде пәндік құзырлықтарды білім алушыларға игерту, кейбір нақты мәселелер бойынша құзретті ету жағдайлары талқыланды.

Әдістемелік семинарға факультет профессор-оқытушылар құрамы, 2-курс магистранттары және студенттер қатысты. Ұйымдастырушылар: Новицкая А.Н., магистр, Таскалиева Ж.А., Таванова Н.М., магистр.

МАТЕМАТИКТЕР – «ҮЙРЕН-БӨЛІС» ЖОБАДА.

 2017 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ” Үйрен-бөліс “жобасы бойынша жұмысты бастады. ” Үйрен-бөліс ” жобасының мақсаты педагог кадрларды даярлаудың оқу процесіне дуалды оқытуды енгізу болып табылады. Биылғы 2022 жылы ” Үйрен-бөліс ” дуалды жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

Математика-физика мамандығының – 5, математика мамандығының – 5, барлығы 10, 3-4 курс студенттері асыға күткен «Үйрен-бөліс» жобасының алғашқы жиынына қатысып, зор әсер алды. Кесте бойынша бекітілген күнінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика кафедрасында тағылымдамадан өту жұмысы басталды.

Олардың таяу болашақта Назарбаев Зияткерлік мектебінен үйренетін оқытудын әлемдік жаңа тәсілдерін облысымыздың Ойыл, Байғанин, Мәртөк аудандарының, сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының ауыл мектептеріне де тарату мүмкіндіктері бар. Математиктерге сәттілік тілейміз!

Жобаның әдіскері: физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының доценті Сейлова Р.Д.

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығы.

6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Айтенова Гулсезим Муратовнаға берілсін.

Құттықтаймыз!!!

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

29 қантарда 2023 ж. 6В01501 – Математика, 6В01508 – Математика-физика, 6В05401 – Математика  білім бағдарламаларының 4 курс студенттері мен 6В01501 – Математика 3(3) курс студенттеріне оқу жоспарына сәйкес 2023 ж. 30 қаңтар мен 12 мамыр аралығында (15 апта) өтетін өндірістік практиканың ұйымдастыру конференциясы өтті.

6В01501 – Математика білім бағдарламасы бойынша студенттер университет базасындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған “Білім-инновация” лицей интернаты, және т.б. білім мекемелеріне жіберілді.

Ұйымдастыру конференциясына физика-математика факультетінің деканы

Аймукатов А.Т., Математика кафедрасының меңгерушісі Тлеубергенова М.А. және практика жетекшілері қатысты. Конференция барысында физика-математика факультетінің деканы

Аймукатов А.Т., Математика кафедрасының меңгерушісі Тлеубергенова М.А. сөз сөйлеп, студенттерге алдағы 15 апта бойы болатын практикаларына сәттілік тілеп, практикаға кафедра бойынша жауапты оқытушылар Кемаладинова У.У. мен Исенова А.А. студенттерге практика бойынша барлық құжаттарды таныстырды. Сондай-ақ, кафедра оқытушысы Сарман А.Д. студенттерге жалпы практика барысында болатын әр түрлі жағдайларды ескере отырып, құнды ақпараттармен бөлісті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, осы университеттің еліміздегі іргелі оқу орындарының біріне айналуына өлшеусіз зор үлес қосқан білікті басшы Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлының 70 жылдығына арналған ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Облыс басшысы Кенжеғали Кенжебаевтың Ақтөбе өңірінің өркендеуі мен дамуы жолындағы қосқан елеулі үлесі мен ел игілігі жолындағы еселі еңбегін, білім саласында салған сара жолын атап өтіп, құрмет көрсетті.

«Кенжеғали Кенжебайұлы – қазақтың біртуар ұлы, өз қолымен өмірін жасаған адам. Әке-шеше баланы дүниеге әкелгенде «балам адам болса екен» деп тілейді. Сол ағамыздың ата-анасының тілегі қабыл болды десем артық айтқаным емес. Ол – бір ғана отбасының емес, бүкіл елдің азаматы. Тұлғалық болмысымен ғылым-білімнің дамуына үлес қосты. Еселі еңбегін бүкіл жұрт біледі. Жүріп өткен сара жолыңыз кейінгі буынға үлгі», – деген облыс әкімі Ералы Тоғжанов мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Кенжеғали Кенжебаев 1953 жылы Байғанин ауданы Доңызтау ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде оқытушы, аға оқытушы, физика-математика факультетінің деканы, университет ректоры қызметтерін атқарды.

Қазақстанның және ТМД елдерінің және алыс шетелдердің орталық басылымдарында 60-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде 5 монография мен оқу-әдістемелік құралдары жарияланған.

Дифференциалдық теңдеулер мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференциялардың бастамашысы және ұйымдастырушысы.

Семинарға математиканың белгілі ғалымдары қатысты:

Ойнаров Рыскул, ҚР ҰҒА академигі, профессор, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Астана;

Нұрсұлтанов Ерлан Дәуітбекұлы, профессор, М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, Астана;

Боқаев Нұржан Әділханұлы, профессор, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Астана;

Оспанов Кордан Наурызханович, профессор, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Астана;

Оспанов Мырзагали Наурызханович, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Астана;

Дженалиев Мувашархан Танабаевич, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы;

Тлеубергенов Марат Идрисович, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы;

Жуматов Сайлаубай Сагимбаевич, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы;

Асанова Анар Тұрмағанбетқызы, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы;

Кангужин Балтабек Есматұлы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы;

Қошанов Бақытбек Данебекұлы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы;

Темешева Светлана Маратовна, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы;

Утешова Роза Есеновна, ассистент-профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы.

Источник: https://t.me/gurkkz

2022 жылы 29 желтоқсанда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінің отырысында ректор Лаура Қарабасова “Математика” кафедрасының аға оқытушысы Әміре Жұмағазиевті “Математика” білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтап, диплом табыс етті.

Қазіргі таңдағы Қазақстанды әлемдік ғылым аренасында мойындатып жүрген ғалымдарымыздың бірі профессор М. Ахметтің зерттеу бағыты туралы айтылды. Жас ғалымдарды әлемдік ғылыми жұртшылықты мойындатқан дифференциалдық теңдеулер мен хаос теориясына қатысты ғалымның ашқан жаңалықтары мен қолданбалы математика мен нейрондық желілер бағытында алынған нәтижелерімен таныстырды.

«Математика» кафедрасы доценті, ф.–м.ғ.к., оқытушы – зерттеуші Утесов А.Б. вебинар өткізді:

Utesov A.B., Bazarkhanova A.A. // Differential Equations. -2021. –V. 57. –P.1726 – 1735 (Scopus процентиль 59) мақаласындағы ғылыми нәтижелерді дамыту мүмкіндіктері талқыланды және ақысыз мақала жариялау тәжірбиесімен бөлісті.

2022 жылдың 21 желтоқсанында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде “6D060100-Математика” мамандығы бойынша «Исследование краевых задач и многопериодических решений систем интегро-дифференциальных уравнений с оператором дифференцирования по направлениям векторного поля» тақырыбында философия докторы PhD ғылыми дәрежесіне ізденуші  Айтенова Гулсезим Муратовнаның  докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.

ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

№3 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда «Қазіргі ғылымдағы математиканың іргелі және қолданбалы мәселелері: өзекті зерттеулердің теориясы мен практикасы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Кафедра филиалы ұйымдастырған шараға Математика кафедрасының профессоры Қайдасов Жеткербай Қойлыбайұлы, қауымдастырылған профессор Иманчиев Асқарбек Ермекұлы, PhD докторы Токмурзин Жәнібек Сырлыбайұлы қатысты. Шара барысында өңірлерде математиканы оқыту әдістемесімен айналысып жүрген кафедра оқытушылары өзара тәжірибе алмасып, ұстаздар әдістемелік біліктіліктерін шыңдап және озық тәжірибелермен бөлісті.

ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ

21 желтоқсан 2022 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша Айтенова Г. М. «Исследование краевых задач и многопериодических решений систем интегро-дифференциальных уравнений с оператором дифференцирования по направлениям векторного поля» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.

Қорғау орыс тілінде.

Диссертациялық жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасында орындалған.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

13.12.2022 ж. п.ғ.д., профессоры Ә.К. Қағазбаева, физика-математика факультетінің әдіскері, магистр А.Н. Новицкаямен бірлесе «Оқытудың әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – педагогикалық процесті ұйымдастыруда оқыту әдістерін қолдану, жас педагогтар, магистранттар арасында тәжірибе алмасу.

Баяндамашы А.Н. Новицкая «Оқытудың әдістері» семинарының тақырыбы бойынша негізгі аспектілерді –әдісті түсіну, оқыту әдісі, әдістемесі, педагогикалық жүйесі ұғымдарын, оқытудың заманауи әдістерін, оқытуда қайсысын тиімді қолдану керектігі туралы баяндады.

П.ғ.д., профессор Ә.К. Қағазбаева семинар қатысушыларына 7М01501-Математика мамандығының 2-курс магистранттарымен бірге практикалық сабақ(тренинг) көрсетті. Мұнда «‎Мектеп математика оқулықтарындағы есептерді PISA форматындағы тест сұрақтарымен қамтамасыз ету және толық талдауын жасауды қорытындылау»‎ тақырыбы бойынша білім берудің нақты әдістемелік жүйесіне негізделген дидактикалық процесс жүзеге асырылды. Сабақтың негізгі әдісі – «Джигсу әдісі».

Әдістемелік семинар жұмысына физика-математика факультетінің оқытушылары, әдіскерлері және магистранттар қатысты.

Математика кафедрасының PhD докторы, оқытушы-зерттеуші З.Т. Нугаеваның ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы, қаласы мектептерінің математика пәні мұғалімдері, педагогикалық бағыттағы магистранттар мен студенттерге арналған вебинары. Мектепте ғылыми жобаға дайындық барасында туындайтын тақырып таңдау, зерттеу бағытын анықтау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін кою сияқты қиындықтарды шешу жолдары туралы айтылды.

«‎МАТЕМАТИКАЛЫҚ ИНДУКЦИЯ ӘДІСІ»‎ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ

2022 жылдың 09 желтоқсанында Математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Иманчиев Асқарбек Ермекұлы 6В01508-Математика-Физика білім беру бағдарламасының 3 курс (ҚБТ) студенттеріне «Классикалық теңсіздіктер және олардың қолданыстары» пәні бойынша «‎Математикалық индукция әдісі»‎ тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Студенттер сабаққа барысында жоғары белсенділігін көрсетті. Сабақ өз мақсатына толық жетіп, жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Ашық сабаққа кафедра менгерушісі, әдіскер және оқытушылар қатысты.

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 109 бұйрығы. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша: Тлеубергенова Мадина Альмухановнаға берілсін.

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 110 бұйрығы. 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Жұмағазиев Әміре Халиұлына берілсін.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

«Математика» кафедрасы доценті, ф.–м.ғ.к., оқытушы – зерттеуші Утесов А.Б. вебинар өткізді:

Вебинарда Web of Science, Scopus базаларындағы Ресей математикалық журналдарында мақала жариялау тәжірибесімен бөлісу және аталған бағыттар мен тақырыптардың  біздің университетімізде қандай деңгейде дамып жатқанына тоқталды.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2022 жылдың 28 қарашасында физика-математика факультетінің «Математика» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Ә.К. Қағазбаеваның жетекшілігімен «Математиканы оқытудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі» атты әдістемелік семинарының кезекті отырысы өтті.
Сонымен қатар, профессор-оқытушылар мен магистранттардың келесідей баяндамалары тыңдалды:

Математика кафедрасыныың доценті, ф.-м.ғ.к. Р.Д. Сейлова, магистр, аға оқытушы К.С. Баешеваның «Білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамасы. 7М01501 – Математика білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Н.В. Беденконың «Методическое обеспечение элективного курса «Решение уравнений и неравенств с модулем» для учащихся старших классов естественно-научного профиля»,  А.Атшібайдың «Комбинаторика және графтар теориясы» тараулары бойынша математикалық олимпиадаға дайындықтың әдістемелік жүйесі», Н.Н. Калменованың «Шектер теориясын экономикалық есептеулерде қолдану» атты баяндамалары.
Әдістемелік семинарға факультеттің профессор-оқытушылары мен магистранттары қатысты.

ФИЛИАЛДАРМЕН БАЙЛАНЫС

Математика кафедрасының оқытушылары Ж.Қайдасов пен А.Е.Иманчиев кафедра филиалы болып табылатын Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясына барып, математика пәнінің мұғалімдерімен кездесу өткізіп келді.

Сонымен қатар, ф.-м.ғ.к., профессор Асқарбек Ермекұлы 7-класс оқушыларына күрделі есептердің шығару жолдарымен таныстырса, Геометрия оқулығының авторы, ф.-м.ғ.к., профессор Жеткербай Қойлыбаевич 11-класс оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеу есептерін тиімді әдістермен шығару жолдарын көрсетті.
Кафедра филиалдарымен жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Мұндай бірлескен жұмыстар оқушылардың математикалық қабілетін дамытуда маңызды рөл атқарады.

«ФУНКЦИЯНЫ ТУЫНДЫ КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ

17 қараша күні Математика кафедрасының оқытушысы Тилесов Н.Н. МХӨТ-102 тобымен «Функцияны туынды көмегімен зерттеу» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық сабақ ынтымақтастық атмосферасында өтіп, студенттердің жоғары белсенділігін көрсетті. Ашық сабаққа факультет әдіскері және оқытушылар қатысты.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2022 жыл 16 қараша күні физика-математика факультетінің «Математика» кафедрасы және академиялық ұтқырлыққа жауапты аға оқытушы Б.Ж. Омарова ұйымдастыруымен 6В01501-Математика, 6B05401-Математика, 6B01508-Математика-Физика мамандықтары 1 курс студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған Халықаралық Ынтымақтастық департаменті Академиялық ұтқырлық бағдарламасы маманы Курманова Айдана Аманбайқызы қатысып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдерге бару талаптары, келісім-шарттарға отырған елдер туралы мағлұматтар беріп, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар физика-математика факультеті бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты оқытушы, магистр Жайлыбаева Айдана Омарқызы ішкі академиялық ұтқырлық туралы ақпаратпен таныстырды. Факультет бойынша өткен оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты болған оқытушы, магистр Исабергенова Жұлдыз Тілекқабылқызы құжаттар тағайындау, айырмашылық пәндерін анықтау бойынша ақпараттармен таныстырды. Соңында кафедра бойынша соңғы үш жылдағы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып келген студенттер және олардың қай елге барғандығы туралы ақпарат, құжаттар мен талаптар тізбесі слайд түрінде көрсетілді.

ҚОНАҚ ДӘРІСІ

2022 жылдың 11 қарашасында Жастар сарайының «Мәңгілік ел» конференц-залында «Bereke Bank» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры Жолмагамбетов Ермек Сапаргалиевич физика-математика факультеті, 6В05401 – Математика мамандығының 1-4 студенттері үшін «Болжамдық аналитиканың клиенттерді жоғалтпаудағы және сатылымды жоғарылатудағы көмегі» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәрісте қонағымыз адамдардың әртүрлі шығармашылық салаларында модельдеу мен болжамдық аналитиканың маңыздылығына ерекше тоқталды және студенттер мен оқытушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

«Математика» кафедрасы доценті, ф.–м.ғ.к., оқытушы – зерттеуші Утесов А.Б. вебинар өткізді:

Бұл шараларға  Қ. Жұбанов атындағы АӨУ – інің оқытушылары, оқытушы – зерттеушілері,   «Математика» оқу бағдарламасының білім алушылары, магистранттары мен докторанттары  қатысты.

Оқытушы – зерттеуші Утесов А.Б. қатысушыларға  профессор Н. Темірғалиевтің Ғылыми Мектебінің негізгі бағыттары мен  тақырыптарын баяндады. Жас математиктерді  осы Ғылыми Мектепке қабылдау  талаптарымен  таныстырды.

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау

Бекбауова Алтыншаш Упуқызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Ахметова Айымгүл Өтеғұлқызы

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Иманчиев Аскарбек Ермекович

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Нугаева Захира Туребаевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Нугаева Захира Туребаевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Мынбаева Сандугаш Табылдиевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар: