БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

Кафедра құрамы:

Бекітілген штаттық кестеге сәйкес кафедра профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 22 адамды құрайды, оның ішінде 3 физика-математика ғылымдарының докторы, 3 PhD доктор, 5 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 9 физика магистрі бар. 

Кафедраның негізгі міндеттері – «6В01502 – Физика» «6В01512 – Физика» (IP), «6В05301 – Физика» бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «7М01502 – Физика», «7М05301 – Физика» бағдарламалары бойынша магистрлерді және «8D05301 – Физика» бағдарламасы бойынша докторларды дайындау.

Бакалавриатты бітіруші түлектерге берілетін дәрежелер:
«6В01502 – Физика» — білім бакалавры,
«6В01512 – Физика» (IP) — білім бакалавры
«6В05301 – Физика» — жаратылыстану бакалавры.

Магистратураны бітіруші түлектерге берілетін дәрежелер:
«7М01502 – Физика» — педагогика ғылымдарының магистрі,
«7М05301 – Физика» — жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Докторантураны бітіруші түлектерге «8D05301 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингінде:

2020 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде «6B01502-Физика» білім беру бағдарламасы 2-орын алды, «6B05301-Физика» білім беру бағдарламасы 3-орын алды.

2020 жылы “АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ” КЕМ шешімімен «6B05301- Физика» және «7М05301 – Физика» білім беру бағдарламалары 7 жыл мерзімге, «6B01510 – Физика-Информатика» және «8D05301 – Физика» білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

2021 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша «6B01502-Физика» ББ бағдарламасы 2-орынды, «6B05301-Физика» 3-орынды иеленді.

2022 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингіне сәйкес «6B01502-Физика» ББ бағдарламасы 1-орында, «6B05301-Физика» 4-орында тұр.