БАСТЫ БЕТ > 6В05401 – МАТЕМАТИКА > 6В05401 – МАТЕМАТИКА
4

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2020 жылы сәуір айында өткен «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 6B05401 Математика (5В060100-Математика) білім беру бағдарламасы 7 айға (№АВ 4004, 20.05.2020 ж., 16.04.2020 ж.-13.11.2020 ж.), 7 жылға (№АВ 4004/1, 13.11.2020 ж., 20.05.2020 ж.- 19.05.2027 ж.) аккредиттеуден өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі бөлім:

орта жалпы білім негізінде  4 жыл;

орта кәсіби білім негізінде —3 жыл

Берілетін дәреже:

6B05401 Математика білім беру бағдарламасы  бойынша жаратылыстану бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

қолданбалы математика; ғылым; өндіріс және экономика.

Кәсіби қызметінің нысандары:

ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік нысандар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.

Кәсіби қызметінің пәні:

математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; актуарлық математика.

Кәсіби қызметінің түрлері:

ғылыми-зерттеушілік;  ұйымдастырушылық-технологиялық;  өндірістік-басқарушылық.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы, Қолданбалы математика және информатика ғылыми орталығы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ; Ақтөбе обл., Шалқар аудандық Ж.К. «Сәулет» кәсіпорны;  «Специализированное транспортное управление» кәсіпорны; Ақтөбе қаласы, ДБАО Сбербанк ЖШС «Ричи» кәсіпорны; Ақтөбе қаласы, ЖШС «StroyServiseKZ»; Ақтөбе қаласы, ЖШС «Сага Омега» кәсіпорны.