
Аккредитациядан өтуі:
2020 жылы сәуір айында өткен «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 7М05401 Математика (7М060100-Математика) білім беру бағдарламасы 7 айға (№АВ 4005, 20.05.2020 ж., 16.04.2020 ж.-13.11.2020 ж.), 5 жылға (№АВ 4005/1, 13.11.2020 ж., 20.05.2020 ж.- 19.05.2025 ж.) аккредиттеуден өтті.
Оқу мерзімі:
2 жыл немесе 1-1.5 жыл.
Берілетін академиялық дәреже:
«7М05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
білім; ғылым; өндіріс және экономика; қолданбалы математика.
Кәсіби қызметінің нысандары:
ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; білім беру ұйымдары (жоғары және орта арнаулы оқу орындары және т.б.); мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік нысандар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.
Кәсіби қызметінің пәні:
математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; математикалық пәндерді оқыту, жоғары, орта арнайы оқу орындарында және басқа оқу орындарында оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.
Кәсіби қызмет түрлері:
ғылыми-зерттеу; білім беру (педагогикалық); өндірістік-технологиялық; ұйымдастырушылық және басқарушылық.
Практика базалары:
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,Қолданбалы математика және информатика ҒО;
ҚР БжҒМ математика және математикалық модельдеу институты.