Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, физика-математика факультетінде студенттік сенат барлық қоғамдық бірлестіктердің басын біріктіріп, студенттерді әлеуметтік жақтан қолдауда, жастар арасында дұрыс моральды-психологиялық орта қалыптастыруға, студенттер өміріндегі маңызды мәселелерді ортаға салып, ұйымдастыру-басқару жұмыстарын дамытуға басшылық жасайды.
Факультет кафедраларында 7 ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыстары жолға қойылып, оған 90-нан аса студент қатысады. Сонымен қатар факультетте «IT Club», «Робототехника жүйелері», «3D модельдеу» және «Жас педагог» үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл үйірмелердің тақырыптары әртүрлі, негізінен физика-математика есептерін шешу, программалау негіздері, педагогикалық технологиялар, ақпараттық технологиялар және т.с.с.
Факультет студенттері республикалық, облыстық, университетішілік, факультетішілік шаралардың барлығына ат салысып, шеберліктерін көрсетіп байқауларға қатысады, оның ішінде халықаралық деңгейдегі фестивалдарға қатысып, өз жобаларын жүзеге асыруда. Жылдан-жылға шетелде, өз елімізде академиялық ұтқырлықпен оқып келіп жатқан мыңдаған студенттеріміз бар.
Факультетіміздің IT білім бағдарламасының волонтерлары әртүрлі бағдарламаларда жұмыс жасау, қосымшаларды қолдану, электронды кітапхана, білім порталдарымен жұмыс жасау туралы бейнедәрістерімен бөлісуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында студенттер республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жалпы университеттік спорттық шараларға қатысады. Сонымен қатар аптаның әр дүйсенбісі күні факультетіміздің білім алушылары университет жанынан құрылған «Денсаулық және салауаттылық орталығының» мамандарымен әртүрлі семинар-тренингтер қатысады.
ҚР-ның ішкі туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралары бойынша жылда 1-ші курстар арасында (басқа өңірден келген студенттер үшін) Ақтөбенің киелі, тарихи және туристік орындарға бару, табиғатқа саяхат жиі ұйымдастырылып отырады.
Қазіргі таңда 2024-2025 оқу жылында «RECTOR CUP» шағын футболдан 1 курс арасында өткен футбол турнирінің қорытындысында рекорд жаңартылды, яғни І-орын иеленді және «ZHUBANOV VOLLEYBALL LEAGUE» ұйымдастыруымен 1 курс ер балалар арасында волейбол командасында ІІІ-орын иеленді. Оқу жылы сәтті басталды.
Жылда университетте «STUDLIFE жобасы» ұйымдастырылады, осы орайда 2022-2023 оқу жылында факультетіміз І-орын иеленді. Жалпы, факультетіміздің жеткен жетістіктерін толық айтуға негіз бар. Толығырақ zhubanov_fizmat және fizmat_otbasy парақшаларынан көрулеріңізге болады.
STUDLIFE жобасы
STUDLIFE жобасының гала-концертінде, факультетіміздің студенттік сенаторы – Умирзакова Бану Габиденовна STUDLIFE жобасының “ҮЗДІК СЕНАТОРЫ” статуэткасы мен арнайы сыйлығына ие болды.
IT волонтерлар
Физика-математика факультетінің IT Club үйірмесінің мүшелерінің бастауымен IT волонтерлар жасақталды. Волонтерлар мақсаты IT қосымшалар құру, жобалар жасақтауға қатысу, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға өз көмегін ұсыну.
Қашықтан білім алу, карантин жағдайларда IT волонтерлар әртүрлі бағдарламаларда жұмыс жасау, қосымшаларды қолдану, электронды кітапхана, білім порталдарымен жұмыс жасау туралы бейнедәрістерімен бөлісуді бастады.
«Dombura PARTY» шарасы