БАСТЫ БЕТ > 6B01512 - ФИЗИКА(IP) > 6B01512 - ФИЗИКА(IP)

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

6B01512-Физика(IP) мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • жалпы білім беретін, оның ішінде көптілде оқытатын білім беру ұйымдары: мектептер, лицейлер, гимназиялар, оқу орындары мен орталықтары;
  • техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
  • физикалық зерттеу әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім бері мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
  • ғылыми ұйымдар: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
  • басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
  • өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.

Кәсіби қызметінің пәні:

  • оқу-тәрбие ісі: оқушылардың білім беру процестерін жобалау және басқару, қазіргі педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстарды орындау;
  • ғылыми – зерттеу ісі: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысу, эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
  • өндірістік-технологиялық іс: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданып ақпараттық қорларды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыруға қатысу.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білім беру: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеушілік: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
  • ұйымдастырушылық-тәрбиелік: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
  • басқару ұйымдары: мемлекеттік органдар, білім бөлімдері;
  • өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласының мектептері.