4

 

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Құрметті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлектері!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті отандық білім мен ғылым, өнер, мәдениет, спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген 60 мыңнан астам мамандарды даярлады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Түлектер қауымдастығы оқу ордамыздың өркендеуіне септігін тигізіп, өз үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің көптеген түлектері бүгінде ұлағатты ұстаз, белді жетекші, атақты ғалым, ірі қоғам өкілі және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Университетіміздің әр түлегі еліміздің ең үздік оқу орнын тәмамдағанын құрмет тұтып, өз университетін дәріптеуде деген сенімдеміз.

Түлектер қауымдастығының негізгі мақсаты мен міндеттері:

• университет дәстүрін сақтау;

• қазақстандық және халықаралық қоғамдастықта түлектер арасында өзара мәдени, шығармашылық және университетпен іскерлік байланыс жолдарымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің беделін арттыру.

Түлектер қауымдастығының міндеттері:

• университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне студенттік буын сабақтастығын қалыптастыруға жәрдемдесу;

• университеттің әр жылғы түлектері мен бағдарламалардың кәсіби өзара әрекеттестігін және тұрақты байланысын қалыптастыру;

• Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қызметкерлері мен түлектерінің қызығушылығы мен құқықтарының қорғалуына көмектесу;

• Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлектеріне жеке және кәсіби өсуіне жәрдемдесу;

• Қауымдастық мүшелері мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлектерінің кәсіби жетістіктерін насихаттау;

• ерікті қайырымдылықтар есебінен университет дамуы мен қызметті қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаражат жұмылдыру.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Түлектер қауымдастығына мүшелікке ену тәртібі:

• Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жоғары білім, екінші жоғары білім, бакалавриат, магистратура, аспирантура бітірген түлектері Қауымдастық мүшесі бола алады;

• Қауымдастық мүшелері үшін түлектің жетістіктері туралы сұрақ басымдықтар қатарында болмауы керек. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі атағын жандандыру қажет;

• Қауымдастық мүшелігіне қабылдану үшін төменде көрсетілген поштаға жазсаңыз болады;

• Қауымдастыққа кіргендерге тіркеуден кейін, Қауымдастық қызметтері мен мүшелері қатыса алатын университет қабырғасында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жіберіледі. Қауымдастық мүшелері ұйым жұмысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған өз ұсыныстарын жолдауға, қызметке қажетті тегін демеушілік, қаржылық және материалдық көмек көрсетуге құқылы.