Болашақ халықаралық бағдарламалар орталығы

Болашақ - «Халықаралық ынтымақтасты орталығы» АҚ жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қажетті құжаттар қабылдау рәсімінің басталғанын хабарлайды.

Стипендия: магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2015 жылдан бастап ағылшын тілін Қазақстанда оқытуды көздейтін «6+6» тілдік даярлаудың жаңа моделііске қосылды, магистратура және докторантура бағдарламаларына қолжетімділік кеңейтілді, Split-PhD индустриализациялау үшін ғылыми кадрлар даярлаудыңжаңа моделіненгізілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы іске асырылған жылдары әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 12 000 астам қазақстандыққа стипендия тағайындалған.

«Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігін жетілдірудің мақсатты саясатының нәтижесі «Болашақ» стипендиясының 2014 жылы Майамидегі  Going Global VIII халықаралықконференциясында осы тектес 11 стипендиялық бағдарлама арасында үздік деп танылуы.

 

Болашақ бағдарламасы  арқылы оқуға түсушілерге арналған құжаттар тізімі:

  1. сауалнама;
  2. жұмыс берушіден жұмыс орнын сақтау шартымен маманды даярлауға өтініш;
  3. уәждемелік хат;
  4. ұсыным хат;
  5. жеке куәлік пен төлқұжат түпнұсқалары мен көшірмелері;
  6. қосымшасы бар бакалавр немесе дипломыныңтүпнұсқасы мен көшірмесі;
  7. 082/у медициналық анықтамасы;
  8. еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;            
  9. шет тілі бойынша емтиханды тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, барболған жағдайда*;
  10. үміткер құжаттарын жеке тапсыра алмаған жағдайда, өкілінеберілген нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылады (құжаттар ХҚКО арқылы тапсырылған жағдайда).