Академиялық ұтқырлық - белгілі бір академиялық кезеңге студенттерді немесе ғылыми-зерттеу оқытушыларын басқа оқу немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) оқуға, оқытуға, зерттеуге ауыстыру. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлім студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық - студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын меңгеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс оқу немесе қызметтік тапсырманы орындау үшін академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық - жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны-әріптеспен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында АӨУ-ден қаржыландыруға арналған конкурсқа гранттық және ақылы негіздегі студенттер қатыса алады. Шетелде оқитын кезде үміткерлер бакалавриатта (2, 3 курс) немесе магистратурада (2, 3 семестр) оқуы тиіс.
Негізгі критерийлер:
- Шет тілін білу деңгейі (В2 деңгейінен төмен емес);
- Транскрипт (GPA 3.0-ден төмен емес);
Өз қаражаты есебінен баратын үміткерлерге:
- Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысушы барлық шығындарды өзі көтереді, соның ішінде оқу ақысы, тұру, көлік шығындары, виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру және т.б.
- GPA көрсеткіші 2.80 және одан жоғары болуы керек.
- Оқу бағдарламасына байланысты қабылдаушы елдің тілін білу деңгейі В2 және одан жоғары екенін растайтын сертификат немесе оқу тілі шет тілі болғанын растайтын (мектеп, колледж) дипломының көшірмесі.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқаудың басталғаны туралы ақпарат Zhubanov University ресми сайтында (http://zhubanov.edu.kz/) жарияланады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне international@zhubanov.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.