Департамент туралы
Маркетинг және коммуникациялар департаментінің жұмысы университеттің имиджін қалыптастыруға, оқу орнының тұжырымдамасы мен стратегиясын іске асыруға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қоғаммен байланысқа, брендтік өнімдер қызметтерін ұсынуға бағытталған. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі телеарна, радио және мерзімді басылымдарда ақпараттандыру жұмыстарын жариялап, бұқаралық ақпарат құралдарына толық және жан-жақты ақпаратты жеткізуге, оларды жариялауға ықпал етеді.
Мақсаты - университеттің ғылым және білім саласындағы кең ауқымды қызметі мен жетістіктерін қоғаммен бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізу және жоғары оқу орнының имиджін қалыптастыру, насихаттау.
Негізгі міндеттері
- Университеттің таңдалған ақпарат және имидждік саясаты шеңберінде университеттің қызметіне қатысты ақпараттық ағындарды құру және толтыру;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің имиджін қалыптастыруға қатысу және мақсатты топтар арасында (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, серіктестер, билік органдары) білім беру, ғылыми, инновациялық, халықаралық, тәрбие беру және қоғамдық қызметтер арқылы университеттің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат тарату және қолдау;
- Университет әкімшілігінің қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды ақпараттандыру үшін мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, БАҚ өкілдерімен үнемі жедел әрекеттесуді жүзеге асыру;
- Университетте өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету;
- Білім беру қызметтерінің нарығын кеңейту және университеттің мақсатты топтарымен (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, әріптестер, қала тұрғындары, билік органдары) өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті туралы ақпаратты ғаламтор желісіне, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында университеттің жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру;
- Ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратуды қамтамасыз ету;
- Республикалық және жергілікті ресми бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас қалыптастыру;
- Университет қызметі туралы ақпараттық материалдардың сенімділігі мен өзектілігін бақылау.
Қызметтері
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің zhubanov.edu.kz сайтының өңдеу жұмыстарына қатысу, негізгі мазмұнын қалыптастыру және толтыру;
- Университеттің ресми сайтының мазмұнын үнемі жаңартып отыру;
- Білім және ғылым жөніндегі мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық және баспа түрлерін бақылау («БАҚ біз туралы» айдары бойынша);
- Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау, университеттің қызметіне қатысты ақпараттарды шолу және бақылау;
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне және басқа жоғары органдарға университеттің қызметі туралы (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті туралы жарияланымдар тізімімен) жыл сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді дайындау;
- Мемлекеттік органдардың, басқа жоғары оқу орындарының және азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін университет ректорының тапсырмасы бойынша тақырыптық сұрақтарға ақпараттық материалдарды, аналитикалық анықтамаларды дайындау;
- Басшылықтың шешіміне сәйкес мүдделі тұлғалардың жолдауларын қарау және оларға бағыт беру;
- Азаматтардың жолдауларын уақтылы және толық қарастыруды, сондай-ақ жолдау берушілерге құпия ақпаратты қорғауды ескере отырып, жауап жіберуді қамтамасыз ету;
- Университеттің қызметі туралы ақпараттық бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы университеттің қызметіне қоғам алдында объективті көзқарасты қалыптастыру;
- Өткізілген семинарлар, конференциялар, форумдар туралы аналитикалық шолуларды бұқаралық ақпарат құралдарына дайындау;
- Университет дамуының негізгі бағыттары және оның жетістіктері туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына тарату;
- Университет өмірінің негізгі оқиғалары туралы жаңалықтар аясында фото және бейне материалдарды дайындау;
- Бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламасын дайындау және тарату;
- Университет пен оның құрылымдарының қызметі туралы презентациялар, бейнероликтер, баспа және өзге де имидждік өнімдер жасау;
- «Zhubanov University» облыстық танымдық-ақпараттық газетін дайындау және басып шығару;
- Zhubanov.edu.kz ресми интернет ресурсындағы танымдық ақпараттарды жаңартып отыру;
- Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды әзірлеп, орналастыру.
Маркетинг және коммуникациялар департаментінің құрылымы
«Zhubanov University» облыстық танымдық-ақпараттық газетінің редакциясы;
Университеттің баспасөз қызметі;
«Zhubanov» баспасы;
Дизайнерлік студия;
Әлеуметтік желілердегі алаңдар.
Қызметкерлері
Бертлюев Адельбек Ерекенович
Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры
Қараша Гүлнара
"Zhubanov University" облыстық ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы
Сауханова Арман Кабдылбековна
жетекші маман
Кантарбаева Аксамал Акжоловна
жетекші маман
Арен Жадыра Сағынғанқызы
жетекші маман
Ермеков Қазбек Қаныбекұлы
дизайнер
Саргузин Есет Мирасұлы
фототілші
Утегенов Ислам Нұрланұлы
видеооператор
Куанышев Талгат Айтуганович
маман
Бізбен байланыс
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34 (М.Арын атындағы Бас оқу ғимараты), 1-қабат, 101 кабинет.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі–жұма, сағ.: 08:30–18:00, түскі үзіліс: 12:30–14:00.
Электрондық пошта: zhubanovpress@mail.ru