Ақтөбе облысындағы жоғары білім беру жүйесінің
қалыптасуы және дамуы тарихы (1935-1990 ж.ж.);
Бұнда Ақтөбе өңіріндегі оқу-ағарту ісінің қалыптасу тарихынан бастап,Батыс Қазақстандағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау ісіне орасан зор үлесін қосып отырған білім мен ғылымның қара шаңырағы-Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің де кешегі өткен тарихы,тыныс-тіршілігі,бүгінгі жеткен жетістігі мен алдағы уақыттағы жоспарлы бағыт-бағдары айқын көрсетіледі. Музей экспозициясына XIXғасырдың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейін сақталған мұрағаттық материалдар,фото-шежіре деректер анықтамаларымен қойылған.
-1935 жылы іргетасы қаланған Ақтөбе мұғалімдер институты (алғашқы физика-математика,тарих бөлімдері),оқу орнының алғашқы директоры Нұғыман Залиев,
алғашқы студенттер мен түлектер (Дайрабаев Урман,Молдашев Абдиғали) туралы деректер мен құжаттар.
-1940 жылы шет тілдер факультетінің ашылып (ағылшын,неміс,француз тілдері), 1944 жылы жабылғандығы туралы деректер.
-Ақтөбе педагогиқалық институтына 1945 жылы Нұрпейс Байғанин есімінің берілуі,
үздік студенттерге «Н.Байғанин атындағы стипендиясының» тағайындалуы туралы
деректер мен мұрағат материалдары.
-1948 жылы СССР Министрлер Советінің 16.11.1947 ж. №3801 қаулысы бойынша институттың қазақ қыздары институты болып қайта құрылуы туралы деректер мен құжаттар.
- 1950 жылы жаратылыстану факультеті ұйымдастырылды.
-1954 жылы қыздар институты таратылып,оның негізінде Н.Байғанин атындағы
Ақтөбе педагогиқалық институты құрылды.Бұл оқу орны 1958 жылы таратылды.
-15 сәуір 1966 жылы Қазақ СССР Министрлер Кеңесі Орталық Комитетінің №261 қаулысының шешімімен Ақтөбе педагогиқалық институты ашылды.
- экспозицияларға ХІХ ғасырдың аяғынан бүгінгі күнге дейін сақталған мұрағаттық материалдар, кезеңдердегі (1918-1930 жылдар) мектептегі білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы фотоматериалдар енгізілген.