Жалпы ереже

Осы қағидалар музей болу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және музей аумағында болатын барлық адамдардың міндетті түрде орындауына жатады.

Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалардың жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі қолданыстағы заңмен және музейдің желілік нормативтік актілерімен айқындалады.

Музей келушілер үшін демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын ашық.

Келуші музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы қағидалар талаптарын орындауға ұқыптылықпен қарауы қажет.

Музей экскурсиясы мәдени-танымдық қызметінің бір формасы, ол экскурсоводтың жетекшілігімен алдын ала белгіленген тақырып пен арнайы маршрут бойынша музей объектілерін бірлесе қарауды қамтиды.

Музей экскурсия форматында аралау студенттерге экспонаттардың құндылығы мен маңыздылығын жақсы түсінуге және бағалауға, сондай-ақ тарих пен мәдениеттің әртүрлі аспектілерімен танысуға көмектеседі.

Экскурсияның негізі - көрнекі қабылдау, музей объектілерін жанды бақылау, экспозицияны, оның бөлімдері мен оған орналастырылған жеке экспонаттарды қарастыру барысында келушілер мен студенттер музей объектілерінің астарында жатқан ақпаратпен танысады.

 

Музей залы бойынша экскурсиялардың түрлері:

Шолу экскурсиясы:

- Шолу экскурсиясының негізгі мақсаты – музейге алғаш рет келген келушілерді музей тарихымен және экспонаттарымен таныстыру.

- студенттер мен оқытушыларға деректі қолжазбаларға, фотосуреттерге шолу жасау, біздің ЖОО-ның алғашқы ашылу бұйрықтары туралы, оқу ғимараттарының тарихы, факультеттер бойынша  жалпы мәліметтер беру.

Тақырыптық экскурсия:

- тақырыптық экскурсиялардың басты міндеті - экспозициялық материалдар арқылы белгілі бір тақырыпты, сюжетті, бейнеленген оқиғаларды немесе құбылыстарды ашу: мысалы, заттар, құжаттар, көрнекі материалдар және т. б.

- тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог-Қ. Қ. Жұбанов, оның ғылыми еңбектері, өмірбаяны, шығармашылық қызметі, фотосуреттері, жеке заттары, т.б.

- біздің университетіміздің білім беру, ағарту саласында еңбек еткен, өздерінің барлық білімдері мен күштерін ғылымды дамытудың игі ісіне арнаған ардагер профессорлар мен оқытушылардың өмірі мен қызметімен таныстыру, олардың ғылыми еңбектерін, фотосуреттерін, қолжазбаларын, мақалаларын көрсету.

-тарихи хронологиялық жүйеге сәйкес әр жылдардағы оқу ғимараттардың видеосуреттерімен таныстыру, архивтық құжаттарды, сирек кітаптарды көрме ретінде көрсету.

- "Жәдігер жерде қалмасын" акциясы аясында музейдегі тарихы экспонаттарды көрме ретінде көрсету.