Университет музейі
Университет музейі рухани жаңаша үстіндегі өткен тарихымыздың куәсі. Біздің мақсатымыз тек музеймен таныстырып қою ғана емес, тәлімділік-тәрбиелік тұрғыдан студенттерімізді ізденушілікке талпындыру және де өткен мұрағаттарды жаңартып отыру.
Оның негізінде үш негізгі функцияны орындау жатыр:
1) қоғамда болып жатқан процестермен өзара байланыста халықтық білім беруді дамыту процестерін ғылыми құжаттау және зерттеу;
2) тарихи-педагогикалық мұра материалдарын сақтау;
3) тарихи материалдар негізінде музей ерекшелігі арқылы білім беру-тәрбие жұмысын жүргізуге міндетті.
Музейдің мақсаттары мен міндеттері:
- жеке адамның да, жалпы қоғамның да руханиятын бекіту үшін біздің өскелең ұрпақ шынайы мәдениеттің нормаларына, құндылықтарына қосылуға тиіс;
- өткеннің шынайы құжаттарына сүйене отырып, тарихи білімді тереңдету, пәндік-бейнелі идеяларды қалыптастыру, студенттеріміздің бойында танымдық қызығушылықты тәрбиелеу және дамыту.
- біздің музей өзінің ағартушылық қызметінде мектеппен, педагогикалық жоғары оқу орындарымен, колледждермен тығыз өзара іс - қимыл жасауы тиіс, бұл студенттердің білімін толықтыруға, тереңдетуге және нақтылауға, оларды ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік береді.
Университеттің музей экспозициясы екі бөлімнен тұрады: революцияға дейінгі және заманауи. Музей экспозициясы-бұл белгілі бір жүйеде құжаттар мен заттарды көрсету.Мысалы, кітап тарауларға бөлініп, оның мазмұнын оқи отырып таныссақ, музей экспозициясы да солай, бір стендтен екіншісіне ауыса отырып, біз тарихтың кезеңдерімен танысамыз.Ақтөбе педагогикалық институтының өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосып, артында талай ұрпақ зердесінде өшпеспестей із қалдыра білген ұлағатты ұстаз, профессор Мұхтар Арынның бастамасымен «Ақтөбе өңіріндегі білім беру жүйесінің дамуы» атты институт музейі 1989-1991 жж. құрылып, қалыптасты. Мақсаты Ақтөбе өңірінде білім беру жүйесін дамытуға қатысты құнды жазбалар мен сирек деректерді жинау болды.
Қандай игі істі қолға алмасын М.Арын бірінші орынға қазақ тарихы мен мәдениетін қоятын еді.Мұхтар ағамыз өзінің ойын даналығымен әлемге танылған Әль-Фараби, Л.Гумилев ,Абай, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, А.Байтұрсынов сияқты ғалымдардың және басқа зиялы қауым өкілдерінің білім мен тәрбие философиясы саласындағы ойларын жалғастырып ,тұжырымдарымен дәлелдеп отыратын. Музей жұмыстарының барысында Мұхтар ағамыз «Болашақ педагог мамандарды даярлауда музейдың танымдық, тағылымдық мәні зор» – деп айтып кетті. Жақсы ойды жалғап әкетіп, сол кездегі еңбектенгендердің есімін атап өтсем артық емес сияқты.Олар А.Ж.Мұхамбетжанов, Б.Борашев, Цхай К.В, Ғ.Ниязова,Н.Абдоллаев және сол кезде музейді жасақтаған Шоқан Калиев,Қонысбек Қобланов,Бақтыгерей Жапаров,Тағыберген Қайрақбаев.
Бүгінгі таңда музей қорында 1000-ға жуық құжаттар бар: түгендеу кестелері, тақырыптық каталогтар, ашық хаттар, көне оқулықтар, қолжазбалар, модельдер, әртүрлі жылдардағы фотокөшірмелер, мұрағат құжаттары,облысымызда оқу-ағарту саласында үздік еңбек еткен үлгілі ұстаздардың өмірі мен қызметтері жайында, педагогикалық институттың өткен жолдары, халық педагогика туралы, ардагерлер ұстаздардың өнегелі өмірлері, өрелі жолдары, құнды жазбалары жинақталып, музей экспонаттарында жан-жақты орын алды. Келешекте музей жұмысы басқа музейлердің экспозициялық, ғылыми-зерттеу, сақтау, ғылыми-ағартушылық жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу, ақпараттық базаны қалыптастыру, студенттердің шығармашылық жұмыстарының экспозициясын (сурет, мүсін, қолданбалы өнері), өңіріміздегі археологиялық және этнография жинақтау, көрсету үлгілерін бағытталатын болады. Музей экспонатын, қорын толықтыру мақсатында «Жәдігер жерде қалмасын» атты акция өткізу жоспарда.