Кафедра тарихы
Қазіргі уақытта кафедрада: 1 педагогика ғылымдарының кандидаты; 2 ҚР Еңбек сіңірген қайраткері; 1 философия ғылымдарының докторы (PhD); 9 магистр, 6 аға оқытушы, 4 оқытушы, 4 концертмейстер, 2 зертханашы, 1 баптаушы қызмет атқарады.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы заманауи талаптарға сай кәсіби шеберліктің жоғары деңгейінде педагогикалық кадрларын дайындау мақсатында табысты жұмыс істейді.
Кафедраның аға оқытушы А.И.Раимбергенов 2016 жылдың 26 қаңтарында «Особенности художественной жизни в Актюбинской области Республики Казахстан 1920-1960 гг.» тақырыбында Алтай мемлекеттік университетінің Д212.005.09 ФГБОУ ВО диссертациялық Кеңесінде 17.00.04 – «Изобразительное и декоративно-прикладное искусство и архитектура» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап PhD философия докторы атағын алды. 2023 жылдың 1 қарашасынан № 778 бұйрығымен А.А.Ермекбаев қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Кафедраның барлық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған, белсенді тарату материалдары толығымен қамтамасыз етілген. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады. Сонымен бірге, кафедра оқытушылары жыл сайын университет негізінде біліктіліктерін арттырып, сертификат иеленеді. Оқытушылар университет және факультетте ұйымдастырылатын әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалары мен жобаларын сәтті қорғап, өзара тәжірибе алмасады. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса отырып, өздерінің ғылыми мақалары, тезистері, баяндамаларын ғылыми жұмыстар және халықаралық, республикалық конференция жинақтарында жариялайды. Университет негізінде шет тілінде онлайн семинарларына қатысуға жағдай жасалынған. Атап айтсақ, п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева Алматы қаласында ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсынан SWISS American ACADEMY SA, «Rosetta stone»; оқытушылар А.Ж. Байшукурова және А.Қ Алиева, С.К.Мухтарова, А.С. Қалдыбаева., С.А. Тауекелдер өтті.
Кафедраның профессор-оқытушылары п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; доцент, PhD доктор А.И.Раимбергенов Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ұлттық академиялық бағдарламасымен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар 6В01401 -Музыкалық білім мамандығының студенттері Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытай елі, Іле педагогикалық институты мен Түркия Республикасы, Сакария университетімен байланыс жасап келеді. 2023-2024 оқу жылында 6В01401 – Музыкалық білім, 6В11102 – Мәдени тынығу жұмысы ББ білім алушыларына академиялық ұтқырлық аясында М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану философиясының докторы Илхам Ислам оглы Назаров 10 күндік Мастер класс өткізді.
Мамандықтардың білім беру бағдарламаларын аккредиттеу
- 6В01401 – Музыкалық білім 14.12.2022 жылы,
- 6В11102 – Мәдени тынығу жұмысы ББ бойынша 06.03.2023 жылы,
- 6В02101 – Хореография ББ бойынша 10.01.2020 жылы өтті.
Нарман Перуза Кауысбайқызы – аға оқытушы, магистр, Кафедра меңгерушісі
Мукеева Нуржамал Ерсаиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
Раимбергенов Абдрашид Искакович – өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD). «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.
Ермекбаев Али Акбергенович – Қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Байшукурова Айгул Жолаушыбайқызы – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Алиева Арайлым Куандыковна – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Куспанов Мербол Оразбекұлы - оқытушы, Халықаралық конкурстардың лауреаты, Жыл патриоты-2018, «Алаш» төс белгісінің иегері, практик-маман, «Студенттерден құралған хор» ұжымының жетекшісі
Карагулов Елубайұлы Айбек – оқытушы, халықаралық конкурстардың лауреаты
Мухтарова Сандугаш Конратбаевна – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Абдисадыкова Айгул Базарбаевна – аға оқытушы
Тауекел Самал Адильханкызы – оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Арыстанов Ақжол Нұрлықұлұлы – оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Калдыбаева Анаргуль Сабиржановна – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Абдирова Ғазиза Алпысбаевна – оқытушы.
Шобдарова Анар Тойшыбековна – оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Айнакулов Кахарман Бектаевич - оқытушы
Сағызбай Әдемі Мұхтарқызы - оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Жүсіпова Гауһар Нұрланқызы - сүйемелдеуші
Білім бағдарламалары
Бакалавриат:
- 6В01401-Музыкалық білім;
- 6В02101-Хореография;
- 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы.
Траектория:
6В01401-Музыкалық білім:
дәстүрлі ән, аспапта орындаушылық
(2020-2021 о.ж.).
Магистратура
7М01401-Музыкалық білім;
Кафедра бойынша білім алушылардың санының өсуі
2024-2025ж.
- Грант- 112
- Ақылы негізінде -248
- Жалпы контингент -360
2023-2024ж.
- Грант- 102
- Ақылы негізінде -176
- Жалпы контингент -278
Рейтинг нәтижелері
«АРТА» ұлттық рейтингі:
2019 ж.
6В02101-Хореография – 4 орын.
2020 ж.
6В02101-Хореография – 3 орын.