БАСТЫ БЕТ > ЖЕТІСТІКТЕР > ЖЕТІСТІКТЕР

Тәрбие жұмысы

Кафедрада жайлы моральды-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шара өткізіледі.

Мамандықтардың студенттері республикалық, облыстық, қалалық, университетішілік іс-шараларға тұрақты қатысып тұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік облыстық басқармалар, қалалық бөлімдермен, қоғамдық  ұйымдармен  тығыз байланыс орнатылған:

Облыстық білім басқармасы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы т.б.,

Студенттердің ата-аналарымен де тығыз жұмыс жүргізіліп отырады (мерекелік құттықтаулар, Алғыс хаттар, арнайы шақырту қағаздары).

Студенттер жетістігі

Студенттік хор. Жетекшісі: Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Алаш» төс белгісінің иегері, маман-практик Куспанов М.О.

Ғылыми үйірме «Жас музыкант - зерттеуші» жетекшісі п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева

«Рухани құндылықтар (саз және би) принципі негізінде оқытудың әдістері» атты аймақтық әдістемелік семинар

«Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Абдисаттаров Берик Бахтыбайулы «Қазақ прозасының Мұзтауы» атты аймақтық әдеби онлайн байқауының БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.

«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 3 курс студенттері «Жаңа Қазақстан-Жаңа серпіліс!» атты XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында «Үздік көркем шешім» номинациясын иеленді. Жетекшісі: оқытушы Айгүл Абдисадыкова

«Хореография» мамандығының студенттерінен құралған «САМҒАУ» би ансамблі Ташкент қаласында өткен Халықаралық хореографиялық конкурста ГРАН ПРИ иегері атанды.

«Музыкалық білім» амандығының 4 курс студенті Жұмабаев Нұрбол Оңалұлы «Ақжелең» Республикалық байқауында БАС ЖҮЛДЕ иеленді.

«Музыкалық білім» ББ Магистратура бөлімінің білім алушысы Жаншина Аманай Жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық ғылыми-теориялық конферециясында ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.

«Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Халел Ерік «Лаула» атты қалалық байқауында І орын иеленді.

«Музыкалық білім» мамандығының студенттік хоры Астана қаласындағы «Astana Grand Festival» VI Халықаралық байқау-фестивалінде Бас жүлде иегері атанды. Жетекшісі Халықаралық конкурстардың лауреаты, практик-маман, оқытушы Қуспанов Мербол Оразбекович.

Кафедраның жетістіктері

Қазіргі уақытта «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз етіліп, оқу үрдісінде сапалы тәрбие-білім беруде. Айтар болсақ, , PhD философия докторы, доцент, Білім өркениет ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы – 2020» төсбелгімен А.Ы.Райымбергенов , ҚР 25 жыл Тәуелсіздігі мерекесіне орай аға оқытушы, қауымдастырылған профессор  А.А.Ермекбаев төсбелгі  медалімен; ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен»; көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау комиссиясының төрағасы міндетін атқарғаны үшін п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева ҚР композиторлар одағы мүшесіне еніп, ҚР білім және ғылым министрлігінің  «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Кафедраның оқытушылары, ҚР педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі; п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукееваның жоба тақырыбы: «Научно-методическое обоснование реализации компетентностного подхода при методике преподавания музыкально-исполнительских дисциплин в вузе» (мемлекеттік тіркеу 0117РКИ018).

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценттері, п.ғ.к. Ж.Е.Зейнуллина «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларын оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» мемлекеттік тіркеуден өткен авторлық куәлігімен (ҚР ЮМ №1961 04.08.2017 ж, 2020 ж) электронды оқулығы; Н.Е.Мукееваның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған «Методика преподавания музыкального искусства» оқу құралы (Бұйрық №1 17.02.2017 ж.); аға оқытушы А.И.Раимбергеновтың РФ Барнаул қаласы, Алтай мемлекеттік университетінде «Интеграция культур и национальные художественные школы» атты монографиясы жарыққа шықты.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Кәсіби – шығармашылық факультеті, Музыка және хореография кафедрасы  6В01401 – Музыкалық білім және 6В02101 – Хореография мамандығы бойынша 2021 жылы білім алушыларымыз көптеген жетістікке жетіп отыр. Атап өтетін болсақ Орал қаласында өткен II Халықаралық «FOX STAR» ашық конкурстан Гран При, Тараз қаласында «Қош келдің, құтты Наурызым» атты республикалық талантты өнерпаздар конкурсынан Гран При жүлдегірі, «Атадан – мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» шығармашылық байқаудан Гран При, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс» атты патриоттық өнер байқауынан вокал бағыты бойынша 1 орын, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт минстрлігі,  Нұр – Сұлтан қаласы, Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырған Қазақстан Рнспубликасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған Жоғары оқу орындары білім алушылары арасында пәндік олипиадасынан «Жұбанов жұлдыздары» командасы III дәрежелі  орын иеленді. Олимпиадаға қатысқан «Жұбанов жұлдыздары» командасының және соло, би ұжымдарының жетекшісі  «Музыка және хореография» кафедрасының оқытушысы, практик – маман, Ресей Федерациясы, Челябинск қаласындағы ФГБОУ ВО «ЮУрГГПУ» университетінің 1 курс магистранты.

V Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Живи танцуя» би конкурсынан «Халық биі» Соло номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атанды.  «Жас STAR» республикалық хореографиялық байқауынан Гран При жүлдесімен марапатталды. Және де Қазақ би өнерінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлесін қосқан Қазақ СССР – нің еңбек сіңірген әртісі, балет бишісі Нұрсұлу Тапалованың 97 жылдығына арналған «Би әлемінің  қарлығашы» атты облыстық байқау – фестивалінен  I дәрежелі лауреат, «Самғау» би ансамблі IX – Халықаралық балалар мен жастарға арналған «Самға әуен» өнер байқауынан 1 орынға ие болды.

«Музыка және хореография» кафедрасының оқытушылары Куспанов Мербол Оразбекович, Карагулов Айбек Елубаевич, Абдирова Ғазиза Алпысбаевна, Қалдыбаева Анаргул Сабыржановналар білім алушы студенттерерге жетекшілік етіп концерт, мерекелік іс-шараларға және фестиваль-байқауларға дайындады.

Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстары

Scopus және Web of  Science

  • Н.Е.Мукеева, А.Ж.Берденова – 1

KKCOH

  • А.И.Раимбергенов – 2  
  • Н.Е.Мукеева – 1  
  • С.К.Мухтарова -1
  • А.Б.Абдисадыкова-1