Дене тәрбиесі кафедрасының тарихы
1966 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының Ғылыми кеңестің шешімімен «Дене тәрбиесі» кафедрасы ашылып, алғашқы талапкерлер қабылданды. 1966-1974 жылдар аралығында алғашқы және негізін қалаушы, институттың аға оқытушысы – Перегудов Вениамин Никонорович.
«Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушілері:
- Аға оқытушы Успенский Юрий Александрович;
- Педагогика ғылымдарының кандидаты Қуанышев Төлеген Шаңғытбайұлы;
- Аға оқытушы Нукушев Жұлдыз Қожаұлы;
- Аға оқытушы Святкин Виктор Викторович;
- Педагогика ғылымдарының кандидаты Шоканов Руслан Айткалиевич;
- Педагогика ғылымдарының кандидаты Мұхтаров Сейткерей Мәлікұлы;
Кафедраның дамуына және студенттер тәрбиесіне көп үлес қосқан оқытушылар: Святкин В.В, Романюк Б.Г, Байтурин М.А, Нукушев Ж.К., Кұлмағамбетов А.К., Муса А.Т., Кеңшілікова М.А., Кубиева С.С., Михальченкова Н.Г., Ишмухамедов А.З., Каннер С.З., Исенгалиев У.А., Саитғалиев Р.Р., Марденов К.Ж., Күншашев К.К.
Кафедрада 23 мамандандырылған оқытушылар сабақ жүргізеді солардың қатарында Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Дене шынықтыру саласының ұздік қызметкері, Құрметті спорт қайраткері С.М. Мухтаров, Дене шыныктыру жане спорт мамандығының мактанышы ардагер-ұстаз Жеңіл атлетикадан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Байтурин Молдабай Әбдіхалықұлы, ҚР еңбек сіңген жаттықтырушысы, доцент Кулмагамбетов А.К., «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің иегері, «Үстел теннисінен ҚР ұлттық спорт төрешісі» атағының иегерлері Муса асан Тайұлы, Марденов Қазбек Жанатұлы, Тулеуов Шыңғыс Ембергенұлы
Полиатлоннан Қазақстан Республикасының «Iсанатты спорт төрешісі», Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы мүшесі, Уахитов Рустем Уахитұлы «Унифайт» спорт түрінен ҚР спорт шебері, Алибеков Асанали Арыстанулы «Белбеу күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Миляев Константин Сергеевич Гандболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Гандболдан ерлер командалары арасында чемпионаттар мен кубоктардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, Қазақстан Республикасының гандбол командасының мүшесі, Хабидулла Жанасыл Еркинович Пауэрлифтингтен бірнеше дүркін Республика чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының екі дұркін күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Дене тәрбиесі кафедрасы университеттің барлық факультеттерінде "Дене тәрбиесі" пәнін оқытуды қамтамасыз етеді. Кафедраның міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің КҚДТ және жеке дене шынықтыруды қалыптастыру кіреді. Кафедра дене шынықтыру сабақтарының дәстүрлі жүйесін қолданады, сонымен қатар студенттерге спорт ойындарын, күрес түрлері, үстел үсті спорттық ойындарын, фитнеспен айналысу белсенділікті арттыру секцияларын таңдау ұсынылады.
Кафедраның миссиясы студенттердің КҚДТ нақты міндеттері мен олардың болашақ, кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен анықталатынды туралы және мыналардан тұратындығы ұсынылады:
- қажетті қолданбалы білімді қалыптастыру,
- қолданбалы дағдыларды меңгеру;
- қолданбалы психофизикалық қасиеттерді тәрбиелеу;
- қолданбалы арнайы қасиеттерді тәрбиелеу.
«Дене тәрбиесі» кафедрасы
Кафедар құрамы: