БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми-зерттеу жұмысы жөнінде кафедрада әлеуметтік зерттеулер, студенттердің дене дайындығының талдауы, мазмұнын жетілдіру және оқу процесін ұйымдастыру әдістері өткізіліп отырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, спорттың педагогика және психологиясы  өзектіліктері туралы 20 жуық жұмыстар басылып шығарылды.

ҚР ЖОО өткізіліп жатқан және Қ.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университетінде өтіп тұратын Ғылыми-практикалық конференцияларға дене тәрбиесі кафедрасының ПОҚ мақалалар дайындалып жазылады. Үздік ғылыми жұмыстар дипломдар мен мақтау грамоталарымен марапатталады.

Ғылыми әдістемелік жұмыстар, кафедра отырысында жылдық жоспарланған жоспарлар бойынша бекітіліп  отырады. 

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Оқытушы-профессорлық құрамның ғылыми-әдістемелік қызметінің маңыздылығын жетілдіруге арналған іс-шараларды жасалуда;
  2. Жаңа оқыту әдісі мен үлгілерді енгізу арқылы оқу процесінің сапасын көтеру;
  3. Оқытушы-профессорлық құрамдарға арналған ғылыми-әдістемелік конференциаларды ұйымдастыру;
  4. Спорт түрлеріне байланысты ғылыми семинарларды ұйымдастыру;
  5. Кафедраның академиалық комитеті ПОҚ жұмысын қадағалау және реттеу мен айналасуда;
  6. Кафедра және басқа да ЖОО-ның дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының озық тәжірибелерін ортаға салып  насихаттауда.

Алматы қаласында орналқан «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында келесі оқытушылар білімін жетілдірді Жанбау Д.К., Ержанов Г.К.,  Уахитов Р.У.,Жалтаев Н.Р.

Кембридж бағдарламасы бойынша келесі оқытушылар білімін жетілдірді Умирзаков Н.А. Астана қаласы.

Педагогикалық кадрларды  ЖОО ПОҚ ИИДМБ базалық ЖОО тәжірибесі мен кәсіпкерлік  дағдыларын  дамытуды есепке  алумен күшейте дайындау үшін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курсын өтеді, оның ішінде 240сауат көлемінде оффлайн режимде  ағылшын тілін оқуды  Куншашов А.М., Алматы қаласы, 2017 жыл. 

Кафедрада бүгінгі таңда 1 ғылым кандидаты, 6 магистр, 6 аға оқытушы, 5 оқытушы жұмыс жасайды.