«ЖҰБАНОВТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ
АҚПАРАТ
«Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы 1991 жылы Ақтөбе педагогикалық институты ректоратының ұйғарымы бойынша (ректор профессор М.Ғ. Арынов) ғылыми-зерттеу зертханасы ретінде өз жұмысын бастады. Ең алғашқы жетекшісі Қ.Жұбановтың баласы, түрколог-ғалым, сол кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып жүрген – Есет Құдайбергенұлы Жұбанов тағайындалды.
Қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар, филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ.Жұбанов алғашқыда жаңадан құрылған Қазақ тіл білімі кафедрасын, ал 1992 жылы іргесі қаланып, қазіргі уақытта да жоғарыда аталған университетте қызмет етіп келе жатқан ғылыми бөлімше – «Жұбановтану» зертханасын өмірінің соңына (2007 ж) дейін басқарды.
Ол көптеген ғылыми басылымдардың авторы. 1967 жылы кандидаттық, 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.
Кафедра меңгерушісі,ф.ғ.д., проф. Е.Қ.Жұбанов (2004 ж.)
Қазіргі таңда орталыққа Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың шәкірті Миров Мұхтар Орынбасарұлы жетекшілік етеді.
«Жұбановтану» мәселелері бойынша алғашқы зерттеулердің бірі М.О.Мировтың «Профессор Қ.Жұбановтың ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі» атты тақырыпта қорғаған диссертациясы болды. Оның ғылыми жетекшісі де ғылыми ортаға танымал ғалым – Е.Қ.Жұбанов. «Жұбановтану» саласындағы зерттеулерінде М.О.Миров: «Профессор Қ.Жұбанов қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың негізін салушылардың бірі ретінде ұлттық тіл білімін жаңа деңгейге көтере білді», – дейді.
Ол ғалым еңбектері бойынша жазған «Профессор Қ.Жұбанов – қазақ терминология ғылымының негізін қалаушы», «Ұлттық ғылым тілі және Қ.Жұбанов», «Қазақ руханиятын қалыптастырудағы Қ.Жұбановтың рөлі» және т.б. мақалаларында профессор Қ.Жұбановтың қазақ тілі ғылымы мен оның терминдеріне қатысты танымдарына талдау жасап, тұңғыш рет қолданған терминдерін ғылыми айналымға енгізді.
Ғалым-ұстаз университетте студенттерге дәріс оқи жүріп, шәкірттерінің күнделікті сабақтарындағы оқу құралдарына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында «Құдайберген Жұбанов және қазақ публицистикасы: оқыту қырлары, жұбановтану», «Қ.Жұбановтың тілдік танымы» атты оқу құралдары мен монографияларын жазды.
Е.Қ.Жұбанов басшылығымен келесідей бір докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды:
- Тектіғұл Жанна Орынбасарқызы «Қ.Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының проблемалары» 10.02.06. – түркі тілдері (филология). Алматы, 1994 тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, және «Қазақ тіліндегі түркі негізді есім қосымшалардың тарихи дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 10.02.06. – түркі тілдері (филология). Алматы, 2003.
- Миров Мұхтар Орынбасарұлы «Профессор Құдайберген Жұбановтың ұлттық ғылым тілін жасаудағы ролі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.02. – қазақ тілі (филология). Алматы, 1999.
- Садуақас Н.Ә. «Профессор Қ.Жұбанов және қазақ тілінің фонетикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.02. – қазақ тілі (филология). Алматы, 1999.
- Жұбанова А.Е. «Фразеосочетания в казахской устно-поэтической речи» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.02. – қазақ тілі. (филология). Алматы, 1992 (ғылыми жетекші ф.ғ.д., профессор М.Серғалиев, консультант - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
- Жұбанова А.А. «Общелингвистическая концепция К.Жубанова» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.20. – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі (филология). Алматы, 1999 (ғылыми жетекші ф.ғ.д., профессор Э.Д.Сүлейменова, консультант - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
- Доспаганбетова Меруерт Кусаиновна «Лексикографиялық деректердегі космонимдер (түркі тілдері бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі (филология). Алматы, 2006 (ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
- Сұлтан Жайық Исаұлы «Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 10.02.02. – қазақ тілі (филология). Алматы, 2007 (ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
- Жазықова Мақпал Қожағалиқызы «Құдайберген Жұбановтың әдістемелік мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 13.00.02. – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) (педагогика). Алматы, 2008 (ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов және ф.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева).
- Оралбай Әмір Әбдраушұлы «Құдайберген Жұбановтың публицистикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.10.01.10. – журналистика (филология). Алматы, 2007 (ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор Н.О.Омашев және консультант - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
- Қарабалина Ақсәуле Әліпқалиқызы «Қ.Жұбановтың жалпылингвистикалық тұжырымдамаларындағы психологиялық ой-пікірлері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 19.00.01. – жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология (психология). Атырау, 2007 (ғылыми жетекші - п.ғ.д., профессор С.М.Жақыпов және консультант - ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов).
«Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы келесідей ғылыми танымал басылымдарды жарыққа шығарды:
- Кенжебаев К.К. және Оралбай А. «Құдайберген Жұбанов». Алматы, 2000; көлемі 15 печ.л.);
- Хасанов Б.Х. «Жұбановтану» (орыс тілінде, көлемі 7,5 п.л., Актобе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің баспа бөлімі);
- Хасанов Б.Х. «Жұбановтану. Тiл репрессиясы». Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, көлемі 5 п.л.
- Жұбанован М.Қ. «Құдайберген Жұбанов Ұлттық дидактика проблемалары хақында» атты монографиясы жарық көрді. Көлемі 7,5 п.л., акад. Б.Х.Хасановтың жалпы редакциялығымен. («Ғылым», Алматы)
- Тектіғұл Ж.О. Профессор Қ.Жұбановтың тарихи лингвистикалық концепциялары (арнаулы пян оқу бағдарламасы). Ақтөбе, 1999
- Тайжанұлы А., Ахан Б. Құдайберген Жұбанов дүниетанымы. Ақтөбе, 1999. – 100 бет
- Миров М.О. Қ.Жұбанов публицистикасы (көсемсөзі): оқыту аспектілері (көмекші оқу құралы). Алматы, 2002, - 86 бет
- Жұбанов Е.Қ. Халық әдебиеті тілін оқытудың лингвостилистикалық аспектілері (оқу құралы). – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АқМУ, - 2003, - 96 бет Жұбановтану зетрханасы. Серия - 10.
- Садуақас Н. Ә. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы саласындағы еңбектерін оқыту (әдістемелік оқу құралы). Ақтөбе, Қ.Жұбанов атындағы АқМУ, 2001. – 70 бет
- Тектіғұл Ж.О. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы. – Ғылыми монография. Алматы: Ғылым, 2002. – 303 б.
- Садуақас Н. Ә. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Ақтөбе, 2004, - 169 бет
- Оралбай А.Ә. Құдайберген Жұбанов – публицист. Ақтөбе, Тоғана»-Т, 2006. -207 бет.
- Садуақас Н. Ә. Қ.Жұбанов және қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Ақтөбе, 2007.
- А.А.Қарабалина. Қ. Жұбановтың психолингвистикалық мұрасы. – Ақтөбе, 2009, - 122 бет Тағы басқалар.
«Жұбанов тағылымы» Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы
Қ.Жұбановтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңындғы жарияланымдар:
- Қ.Жұбанов еңбектерінің толық академиялық жинағы
- Қ.Жұбановтың биобиблиографиялық көрсеткіші
- Е.Жұбановтың биобиблиографиялық көрсеткіші
- А.Тайжанұлының «Құдайберген Жұбанов және қазақ руханияты» кітабы
- Қ.Жұбановтың «Из истории порядка слов в казахском предложении» атты еңбегі қазақ, болгар, ағылшын және неміс тілдеріне аударылды
- Қ.Жұбановтың 120 жылдығына арналған халықаралық ретроспективті экслибрис, графика және кескіндеме көрмесінің каталогы жарық көрді
Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған ақпараттық стенд
Профессор Қ.Жұбановтың ескерткіші
Халықаралық және ішкі әріптестер:
- Ақтөбе облысы, Ембі қаласындағы ағайынды Жұбановтар музейі;
- М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институты» (Қазақстан, Алматы);
- Абай академиясы (Қазақстан, Нұр-Сұлтан);
- А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы)
- Ресей ғылым академиясы Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының
- Тарих, тіл және әдебиет институты (Ресей Федерациясы, Башқұрт республикасы, Уфа)
- К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Федеральды Университеті (Ресей, Якутск қаласы);
- «Манас» Қырғыз-түрік университеті (Қырғызстан, Бішкек қаласы).
Шынатай Елімай
«Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері
Телефон: 8771 186 90 16
e-mail: Elimai_03@mail.ru