Абайтану және ұлттық руханиятАбайтану және ұлттық руханият ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі:

Пангереев Абат Шамұлы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Мекен-жайы: Гришина көшесі 7A, 210 кабинет.
Е-mail: pan.abat@mail.ru

Жалпы ақпарат: Абайтану және ұлттық руханият ҒЗО 2018 жылы құрылды. Орталықта 1 адам (орталық жетекшісі) қызмет жасайды.

Орталық Абайтану мәселесін ұлттық руханиятты (фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық өнер) зерттеу үшін оның нәтижелерін оқу үдерісінде пайдалану мақсатында ашылған. Сондай-ақ өңірдің ұлттық руханиятқа деген сұранысын қанағаттандыру, жас ұрпақты Абайдың «кемел адам» концепциясы арқылы тәрбиелеу ісіне де ат салысу орталықтың мақсатына кіреді.

Негізгі мәселелер:

• Жастардың бойына гуманистік идеяларды дарыту. Абайдың толық (кемел) адам ілімін тарату. Осы концепцияны студенттерді тәрбиелеу ісінде пайдалану.

• Студенттер, магистранттар мен докторанттарды әдебиеттану ғылымы бойынша зерттеу жүргізуге тарту арқылы болашақ ғылыми жұмыстарға икемдеу.

• Ақтөбе өңірінің фольклорлық мұраларын зерттеу.

• Абайтану бойынша студенттерге ғылыми-танымдық курс жүргізу.

• Абайтану және оны оқыту бойынша облыстың мектептері мен колледждері мұғалімдеріне ақылы курс жүргізу.

• Университет оқытушылары мен студенттер арасында ұлттық руханиятты қолдайтын және дамытатын топ құру.

• Студенттердің Абайтануға және ұлттық рухнаиятқа арналған ғылыми зерттеулеріне бағыт, ғылыми әдістемелік көмек көрсету.

• Республиканың басқа өңірлеріндегі Абайтану орталықтарымен шығармашылық байланыстар орнату.

• ЕҰУ жанында ашылған Абай академиясының жұмыстарына қатысу.

• Абайтануға және ұлттық руханият мәселелеріне арналған гранттық жобаларға қатысу.

• Республика бойынша Абайтану және ұлттық руханиятқа қатысты өтетін шараларға студенттерді даярлау.

• Абайтану және ұлттық руханиятқа байланысты университет базасында Республикалық, халықаралық конференциялар өткізуді ұйымдастыру.

• Абайтану мәселелеріне арналған ЖОО-дары арасында оқыту семинарларын ұйымдастыру.

Ғылыми зерттеу бағыты:

• Абайтану, фольклортану, қазақ әдебиетінің тарихы мәселелері.

Ғылыми орталықтармен ынтымақтастығы:

• Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» (Нұр-Сұлтан қ.)

• М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы қ.)

• Шәкәрім университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» институты (Семей қ.)