Кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік ортаны дамыту бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылым және инновациялар департаментіне қарасты Инновациялар және кәсіпкерлік бөлімімен жүзеге асырылады.
Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Start Up Academy өз жұмысын бастады, онда 50-ден астам резидент бар.
Startup Academy-бұл Zhubanov University қабырғасында бизнесіңізді бастау үшін әмбебап құрылымдық білім мен құралдарды беретін кеңістік.
Академия бағдарламасы кәсіпкердің ойлауын дамытуға көмектесетін, білім беретін және инвестицияллық тартымды жобаларды құру үшін нетворкингті қалыптастыратын техника мен әдістемелердің жиынтығына негізделген.
Startup Академияның міндеттері мыналарды қамтиды:
- өңірдің ғылымы мен өнеркәсібі арасында ресурстар, адамдар, идеялар және жабдықтармен алмасуды ынталандыратын орта қалыптастыру;
- университет пен жергілікті өнеркәсіп арасында байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу;
- студенттер мен жас оқытушылар тарапынан жаңа технологияларды енгізетін жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен өсуін қамтамасыз ету;
- студенттік және оқытушылық кәсіпкерлікті дамыту, жобаларды коммерцияландыру.
Қызметтер:
- жас кәсіпкерлерге өз бизнесін табысты дамыту үшін қажетті практикалық іскерлік дағдыларды инкубациялау бағдарламасы негізінде оқыту;
- жас кәсіпкерлерге экономикалық, қаржылық, инвестициялық және салықтық қызметтер бойынша кеңес беру;
- түрлі іс-шаралар мен стартап-жобалар конкурстарының мәселелерін шешу бойынша кейс-чемпионаттарын өткізу;
- зертханаларда прототиптерді тестілеу және жасау.
Стартап Академиясында студенттердің келесі жобалар аясындағы жұмыстар жүргізілуде:
Академия Aqtobe It Hub және Kaubia компанияларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Kaubia — БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE) серіктесі, ол өтпелі экономикасы бар елдерде инновациялық саясатқа жаңа көзқарас қалыптастыруды қолдайды, сондай-ақ Орталық Азия экономикалары үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының (SPECA) бір бөлігі ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, академия жыл сайын ERG Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі шеңберінде воркшоптарға қатысады.
Толығырақ мына сілтемеден қарауға болады: http://surl.li/uodap