Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2017 жылдың 26 қыркүйегінен бастап студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) білім алушыларға «бір терезе» қағидасы бойынша әкімшілік, оқу-ағартушылық және кеңес беру қызметтерін көрсетіп келеді. Орталық жемкорлыққа қарсы оқу процесіндегі ақпараттық ашықтықты дамыту, қызмет көрсетуді оңтайландыру, өзара сыйластық қарым-қатынас мәдениеті мен ортаны қалыптастыру мақсатында ашылған.

Орталықта білім алушыларға қажетті құжаттар мен қызмет түрлері көрсетіледі, қызметтердің көп бөлігі SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн беріледі.

СҚКО-да студенттерді қабылдау электронды кезек арқылы жүзеге асады.
Қызмет көрсету уақыты – 5-10 минут (кейбір қызмет түрлеріне 1-15 жұмыс күні).
Орналасқан жері: Бас ғимарат, 1-қабат. 
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 (түскі үзіліс 13:00-14:00)
Демалыс: сенбі, жексенбі.