Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Студенттік емханасы университет студенттерінің денсаулығын қорғауда алдын алу мен ауруларын емдеудің кешенді шараларын жүзеге асыруда.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) аясында; БМСК; жедел медициналық көмек; шұғыл стационарлық көмек; скринигтер; паллиативті көмек, амбулаторлық көмек, туберкулез кезінде кеңестік-диагностикалық көмек жұмыстарын жүргізеді.
Бұл қызметтердің барлығы емханаға бекітілген университет студенттеріне тегін негізде көрсетіледі. Емхана барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Қабылдауды жоғары, бірінші және екінші біліктілік санаттағы тәжірибелі мамандар жүргізеді
Қабылдауды төмендегі мамандар жүргізеді:
• терапевт дәрігері;
• жалпы тәжірибелік дәрігер;
• невролог;
• офтальмолог;
• гинеколог;
• акушер-гинеколог (аяғы ауырлар үшін);
• хирург;
• физиотерапевт;
• УДЗ-диагностика дәрігері;
• лаборант дәрігер;
• рентгенолог дәрігер;
• дәрігер дермотолог.
Көмекші диагностикалық емдеу кабинетінде жұмыс жасайды:
• клиникалық-биохимиялық зертхана;
• ем-шара кабинеті;
• егілу кабинеті;
• физиотерапиялық кабинет;
• ЭКГ кабинеті;
• Флюрокабинет;
• ОСБ кабинеті және автоклав;
• қақырық жинау кабинеті;
• стомотогиялық кабинет;
• изолятор;
• дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті;
• УДЗ кабинеті.
Емхананың жұмыс кестесі: 8.00ден-20.00-ге дейін.
Емханаға бекіту Мемлекеттік қызмет бойынша жүргізіледі. Емханаға бекіту 18 жастан жоғары студенттер үшін ЭЦТ(ЭЦП) бойынша өткізу қажет, ал 18 жастан төмен студенттер ИИН растаумен және ата-анасының өтініші арқылы өтеді.
Сонымен қатар емхана 086\У нысанды медициналық анықтамалар, жатақханада тұру үшін санитарлық кітапшаларды жасайды.
Университет қабылданатын әр талапкер 086\у нысанды медициналық анықтамасы мен 063 нысанды екпе картасын (екі көшірмесімен) алып келуі қажет, егер 086\у басқа емдеу мекемесінен болса, флюропленкасын туберкулездың алдын алу мақсатында 2013.06.19 №627 Үкімет жарлығына сай жүргізу 2-ші читки үшін алып келуі тиіс.
086\у нысанды медициналық тексеріс, санитарлық кітапша университет ректорының рұқсатымен ақылы негізде жүргізіледі.
Біздің мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, Ағайынды .Жұбановтар көшесі 280 үй.
8 (7132) 56 36 77 – Тіркеу бөлімі.
1 қаңтардан бастап емхана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызметті жүзеге асырады