Студенттер сарайы - Ақтөбе облысының ірі мәдени орталықтарының бірі және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің мәдени-демалыс қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Кешен 1999 жылы салынған, концерт залы 800 көрерменге арналған.
Бүгінгі таңда Студенттер сарайы ең заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, қашықтықтан оқытуға қажет музыкалық жазба студиясы, онлайн дәрістер жазуға арналған теледидар студиясы бар. Студенттер сарайында барлық үлкен көлемді студенттік іс-шаралар, сонымен қатар кейбір қалалық және облыстық фестивальдер өткізіледі. Ғимараттың бірінші және екінші қабаттарында екі үлкен фойе бар.
Студенттер сарайында ашық шығармашылық топтар бар: би, театр, вокал және оркестр, мұнда университет студенттері өздерінің шығармашылық әлеуеттерін толық жүзеге асыра алады. Жыл сайын түрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер, конкурстар жиі өткізіледі, оның ішінде «Мисс Жұбанов университеті», «Жігіт сұлтаны», «Студенттік көктем», «КВН» және тағы басқалар.
Студенттер сарайының басты міндеттері - студенттердің көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту. Студенттер сарайында барлық жағдай жасалған.