Іргетасы 2007 жылы қаланған Жастар сарайының 1000 орынды көрермен залы бар болатын. Ғимаратта түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылумен қатар республикаға танымал өнер адамдарының кештері өткізілді.
2017 жылдың наурыз айында күрделі жөндеуден өткен Жастар сарайы Елбасының «Жастар жылы» бағдарламасы аясында қайта жаңартылып, салтанатты түрде ашылды.
Жаңа нысанда 144 орынды «Мәңгілік ел» конференциясы залы, 150 орынды «Zhubanov Cinema» кинозалы, «Aтриум» көрме залы, Халық әртісі Роза Жаманова атындағы хор өнері кабинеті, Қазақтан шыққан тұңғыш балерина Нұрсұлу Тапалова атындағы хореография залы, фортепиано класы, мультимедиялық кабинеті, музыкалық өнер әдістемесі, баян классы және домбыра сыныбы кабинеттері бар.
Жаңартылған Жастар сарайы Ақтөбе облысындағы үлкен мәдени орталықтардың бірі. Сарайда түрлі деңгейде халықаралық, республикалық, облыстық іс-шаралар өткізіледі.